АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ ТАЗАЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

15 Views

Осы аптада аудан әкімі Ернар
Есіркеповтің төрағалығымен
өткен аппараттық кеңесте «Таза
Қазақстан» республикалық
экологиялық акциясы аясындағы
санитарлық тазалық пен
абаттандыру жұмыстарының
орындалу барысы қаралды.

Кеңес барысында елді мекендердің санитарлық
жағдайы, көшелер мен қоғамдық орындардың
тазалығы, жол жиектерін күтіп-ұстау, жасыл
желектерді баптау мәселелері жан-жақты талқыланды.
Аудан әкімі тазалық пен тәртіпті сақтау бір
реттік науқан емес, күнделікті жүйелі жұмыс болуы керектігін атап өтті. Осыған байланысты ауылдық
округ әкімдеріне санитарлық тазалықты тұрақты
бақылауда ұстап, абаттандыру жұмыстарын
жандандыру, анықталған кемшіліктерді қысқа
мерзімде жою және әрбір елді мекеннің көркейіп,
таза болуын қамтамасыз ету жөнінде нақты
міндеттер жүктеді.
Кеңес қорытындысында берілген тапсырмалардың
сапалы әрі мерзімінде орындалуы қатаң
бақылауда болатыны ескертілді.
Жәнібек БАЗЫЛБЕК.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий