АУДАН ӘКІМІ АБАЙ АУЫЛЫН АРАЛАДЫ

22 Views

ӨТКЕН АПТАДА АУДАН ӘКІМІ ЕРНАР ЕСІРКЕПОВ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЖӘНЕ «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ АЯСЫНДА АБАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ.
Аудан басшысы кәсіпкерлік нысандарын, саябақ аумағын, балалар және спорт алаңдарын, сондай-ақ, әлеуметтік мекемелердің аулаларын аралап, ауыл әкіміне анықталған кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Сапар қорытындысында аудан әкімі Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған тұжырымдамаларды күнделікті өмір салтына айналдырудың маңызын атап өтті. Сонымен қатар тазалық мәдениетін қалыптастыру үшін тұрғындарды кеңінен жұмылдырып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
«ҚҰЛАН МЕДИА» АҚПАРАТ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий