Қорағаты ауылында аудан әкімінің ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

20 Views

Мемлекет басшысының
Жарлығына сәйкес, халықпен
кездесу – барлық деңгейдегі
әкімдердің қызметіндегі маңызды
бағыттардың бірі. Осыған орай,
сәрсенбі күні аудан әкімі Ернар
Есіркепов Қорағаты ауылында
тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесу басында аудан әкімі
тұрғындарды ауданда атқарылып
жатқан жұмыстармен және алдағы
жоспарлармен таныстырды. Бұдан
кейін ауыл тұрғындарының ұсыныс-
пікірлері мен өзекті мәселелері
тыңдалды.

Кездесу барысында тұрғындар төрт түлікке
арналған тоған жасап, ауылдағы ағын су мөлшерін
молайту, қаңғыбас иттерді аулау, сондай-ақ ауыз
су имаратындағы мәселелерді реттеу қажеттігін
көтерді. Одан бөлек ауыл аумағына Луговой орман
шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің тарапынан егілген жасыл желектер
мәселесіне ерекше назар аударуды сұранды.
Аудан әкімі Ернар Серікәліұлы көтерілген
мәселелер бойынша жауапты бөлімдер мен мекеме
басшыларына нақты тапсырмалар беріп, олардың
орындалуын жеке бақылауға алатынын жеткізді.
Кездесу соңында аудан әкімінің жеке қабылдауы
да өтті.
Қабылдау барысында ауыл тұрғыны
жұмыспен қамту және өзге де мәселелерді
көтерді. Өз кезегінде аудан әкімі жауапты сала
басшысына аталған мәселені бір апта ішінде
шешуді тапсырды.
Жиын толық аяқталысымен аудан басшысы
тұрғындар көтерген мәселелер бойынша аралау
жасап, аталмыш проблемалармен жеке танысты.
Жәнібек БАЗЫЛБЕК.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий