Еңбегімен танылған азамат
22 ViewsСовет Одағы кезінде елімізге әйгілі, өсіп-өркендеген іргелі, озат шаруашылықтың бірі де, бірегейі де «Луговой жылқы заводы» болғаны баршамызға мәлім. Әр жылдары совхозда еңбек еткен…
10 тамыз – Абай күніне орай еліміздегі
барлық басылымдарда мақалалар жарияланады.
Қазақ жазба поэзиясына жаңа леп әкелген
хакім Абайдың ғибратты сөздері әлі де
болса өміршең екендігін дәлелдеп келеді.
Орыс халқы Пушкині мен Достаевскийін
қалай биік санаса, дана Абайды да
қазақ халқы қадірлеп, қастерлейді.
Республикамызда Абай күнінің арнайы
мерекелік датаға енуінің себебі осыны
айқындай түссе керек.
Аудандық «Құлан таңы» газетінің ұжымы
да Абай күніне орай материалдар әзірлеп,
сіздердің назарларыңызға ұсынып отыр.
Болыс болдым мінеки
Болыс болдым мінеки,
Бар малымды шығындап.
Түйеде қом, атта жал
Қалмады елге тығындап.
Сөйтсе-дағы елімді
Ұстай алмадым мығымдап.
Күштілерім сөз айтса,
Бас изеймін шыбындап.
Әлсіздің сөзін салғыртсып,
Шала ұғамын қырындап.
Сыяз бар десе жүрегім
Орнықпайды суылдап.
Сыртқыларға сыр бермей,
Құр күлемін жымыңдап.
Жай жүргенде бір күні,
Атшабар келді лепілдеп:
«Ояз шықты, сыяз бар»,
«Ылау» деп, «үй» деп дікілдеп.
Сасып қалдым, күн тығыз,
Жүрек кетті дүпілдеп.
Тыңтуяқ күнім сүйтсе де,
Қарбаңдадым өкімдеп.
Старшын, биді жиғыздым:
«Береке қыл» деп, «бекін» деп,
«Ат жарамды, үй жақсы
Болсын, бәрің күтін» деп.
Қайраттанып халқыма
Сөз айтып жүрмін күпілдеп:
«Құдай қосса, жұртымның
Ақтармын осы жол сүтін» деп,
Қайраттысып, қамқорсып,
Сайманымды бүтіндеп…
Оңашада оязға
Мақтамаймын елімді,
Өз еліме айтамын:
«Бергенім жоқ,- деп,- белімді».
Мақтанамын кісімсіп,
Оязға сөзім сенімді.
«Көрсеттім» деймін, ымдаймын
Кәдік қылар жерімді.
Сөз көбейді, ұлғайды,
Мақтанның к… көрінді.
Қазақты жеген қайратты «ер»,
Ұрынды да берінді.
Әрлі-берлі тартысып,
Ісі арамы жеңілді.
Алқыны күшті асаулар,
Ноқтаға басы керілді.
Үлкен-кіші ақының
Бәрі сөз боп терілді.
Қайрауы жеткен қатты би,
Қайрылып нетсін көңілді.
Өз малым деп қойған мал,
Иесіне берілді.
Ақылы жандар қамалап,
Кептірді сонда ерінді.
Арызшылар көбейді,
Болыстың к… шөмейді,
Қайтсін байғұс демейді.
Бір кептірмей терімді,
Күн батқанша шабамын,
Әрлі-берлі далпылдап.
Етек кеткен жайылып,
Ат к… не жалпылдап.
Оязға жетсін деген боп,
Боқтап жүрмін барқылдап.
Кейбіреуге таяғым
Тиіп те кетті бартылдап.
Пысықтың көбі бұғып жүр,
Беттесе алмай шаңқылдап.
Ашылып омырау, күн ыстық,
Қойын кетті алқылдап.
Елі жөнді болыстар,
Мақтанып жүр тарқылдап.
Күлкісі жақсы қарқылдап,
Үні бөлек сартылдап.
Сөйлесе кетсе бір жерде,
Ағыны қатты аңқылдап.
Оязға кірсе, өзгеден,
Мерейі үстем жарқылдап.
Елің бұзық болған соң,
Ояз жатыр шартылдап.
Табаныңнан тозасың,
Құр жүгіріп тарпылдап.
Антұрғанмын өзім де,
Бір мінезбен өтпеймін.
Момындық күшті екенін,
Көрсем-дағы, күтпеймін.
Сыяздан соң елімді,
Қысып алып кетпеймін.
Әуелде к… бос кәпір,
Мықтыға не қып беттеймін?
Жуанды қойып, жуасты
Біраз ғана шеттеймін.
Ояз бардағы қылықты,
Ояз жоқта етпеймін.
Кәкір-шүкір, көр-жерді,
Пайда көріп ептеймін.
Мынау арам, тентек деп,
Еш кісіні теппеймін.
Өзімдік бол деп ел жиып,
Құрастырып, септеймін.
Бұзақының бүлігін,
«Жақсы ақыл» деп, «құп» деймін.
Сүйегім жасық, буын бос,
Біраз ғана айлам бар.
Айлам құрсын, білемін –
Болыстықтың жолы тар.
Қайтіп көмек болады
Антұрған өңкей ұры-қар?
Көргенім әлгі, ойлашы,
Ұят, намыс, қалды ма ар?
Ендігі сайлау болғанда,
Түсе ме деп тағы шар,
Бұл күніме бір күні
Боламын ғой деймін зар.
Ақыл айтар туғандар,
Бұл сөзімді ойлаңдар.
Кәтелешке көбейді,
Сөгіс естіп, тозды ажар.
Мынау елді ұстарлық
Кісі емеспін, кел, құтқар!
Қолдан келмес қорлыққа
Неге болдым мұнша іңкәр?
Ел жайылды, жетпей ме,
Оязға да бір хабар?
Тағы бүйтіп кеттің деп
Қозғау салар, қолға алар.
Қатты қысым қылған соң,
Басым сотқа айналар.
Кірлі болып түскен соң,
Көрген күнім не болар?
Өзіне мәлім, тентектер,
Өз бетімен не табар?
Қағаз берер, қарманар,
Аяғында сандалар.
Бұрынғыдай дәурен жоқ,
Ұлық жолы тарайды.
Өтірік берген қағаздың,
Алды-артына қарайды.
Өз қағазы өз көзін,
Жоғалтуға жарайды.
Тауып алып жалғанын,
Қылмысыңды санайды.
Өзі залым закүншік,
Танып алды талайды.
Көрмей тұрып құсамын,
Темір көзді сарайды.
Абай шығармаларының
тәрбиелік мәні
Абай – ұлы ғұлама, ақын, ойшыл,
қазақ елінің, бүкіл түркі тектес
халықтардың ортасынан шыққан әлемдік
тұлға. Абайдың өмірі, істеген ісі, жазған
өлеңдері мен сөздері өз халқының
тағдырымен тығыз байланысып, оның
болмыс-бітімінің айнасындай болып
жатыр. Абай шығармаларынан тәрбие алу
– қазақ халқының бүгінгі ұрпақтарының
алдағы тұрған міндеттерінің бірі.
Оның шығармаларында өмірдің,
тұрмыс-тіршіліктің барлық көрінісі
қамтылған. Солардың үлкен бір саласы
– тәрбие мәселесі.
Өзі өмір сүрген дәуірдегі халқының
тарихы, болашағы ақынның жан жүрегін
толқытып, сыздатты. Осы көріністерді
өзінің шығармалары арқылы ұрпақты
тәрбиелеуге арнады. Абай көтерген
тәрбие тек мектеп бағдарламасы арқылы
жасөспірімдерге ғана емес, күллі қазақты
тәрбиелеуге бағытталды.
Ол қазақ болмысындағы кем-кетіктің
бетін ашып, оларды түзетудің жолдарын
іздейді және ғасырлар бойғы қалыптасқан
қазақтың дәстүрлі құндылықтарына
жүгінеді.
«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел,
Сендерге де келейін енді аяңдап» –
деп, сөз қадірін өз қадірінен биік қойған
дана осы екі жолмен-ақ есті адамға көп
дүниені ескертіп отыр. Сөзі түзу адамның
өзі түзу келетінін айтуда. Санамызға
салып, қорыта білсек, ұлы ақынның
даралығын көрсететін қорғасын ойларды
кез келген өлеңі мен қарасөздерінен
табуға болады.
Абайдың қазақ жұртына айтқан
өсиеті бүгінгі таңда да өзектілігін жойған
жоқ. Себебі жаһандану заманындағы
түрлі қиыншылықтар елімізді рухани
дағдарысқа әкелді. Ұлттың руханиятына
нұқсан келтіретін құбылыстар: өсек,
өтірік, мал шашу, мақтаншақтық,
жағымпаздық, рушылдық пен жершілдік.
Осындай негативті құбылыстардың
е т е к а л у ы ж а л п ы ұ л т т ы қ р у х а н и
құндылықтардың әлсіреуіне, мәдениеттің
әлсіреуіне әкеліп соғуда. Ақын мұрасының тәрбиелік мәні,
тағылымдық бағыт бағдары
турасында сөз қозғағанда, алдымен
ойға оралатын Абайдың өз басының
адамгершілігі. Ақыл мен қайратты, білім
мен адамгершілікті тең ұстаған ақын
шығармаларына деген ілтипатымыз,
құштарлығымыз бүгінде күн санап
артқандай болса, ал мынау нарықтық
экономика қыспағында қысылып жүрген
жағдайда ақын шығармаларына, оның
терең мағыналы, күні бүгінге дейін мәнін
жоймаған ой-тұжырымдамаларына деген
қажеттілік одан да артық. Абай бар асылын, ойын, жастарға,
келер ұрпаққа да арнады.
Ұстаз сөзінің биік мағынасы Абайдай
ағартушыға өте орынды айтылған. Абай
халықтың үлкені мен кішісіне, ұлы мен
қызына, әкесі мен баласына өмірлік еңбек
пен адамгершілік, өнер мен білім, өнеге
мен тәлім, достық-жолдастық, парыз бен
қарыз сияқты қасиеттердің асыл үлгілерін
жырымен де, ғақлияларымен де жеткізе
білді. Ойшыл ақынның ағартушылық
тұрғыдағы педагогикалық тұжырымдары
негізінен жастарды халқына адал қызмет
ететін нағыз азамат – «Толық адам» етіп
тәрбиелеу мақсатынан туындаған. Ең бастысы, осы кемшіліктерді
түзеу мақсатында жүйелі тәрбие
жұмыстары жүргізілуі тиіс. Ол үшін
жастарға өмір талаптарына сәйкес бағыт-
бағдар беріп, адамгершілікті сақтау
мәселесіне ден қою маңызды. Алдымен
адамның санасын тығырыққа тығатын,
жақсылықтан аластататын, Абай көрсеткен
«бес дұшпанымен» күресті қолға
алу қажет. Өкінішке орай, осы «бес
дұшпан» жекеден, жалқыдан шығып
көпке жайылып, адамдарды аздырып,
қоғамды улап отыр. Адамгершілік пен
арлылық, еңбек пен шығармашылықты
өтірік, өсек, еріншектік, мақтаншақтық,
бекер мал шашпақтық басып кеткенде,
адами сапалар кірлеп, көмескі тартып,
жан қиналып, табысты болу кейінге
ысырылатынын Абай жеріне жеткізе
айтты.
«Ұлы ақынды заман тудырады»
дегендей, Абайдың кез келген шығармасында
сол заманның шындығын, сан
алуан өмір құбылыстарының бет-бейнесін
айқын көре аламыз. Абайдың 45 қара
сөзінен ғибрат алып, жан сарайымыздың
шөлін қандырып, Абай жырлары арқылы
дертімізге шипа, шөлдегенге сусын, білім
мен ғылым жолында ізденіс, адал еңбек,
ар мен адамдық алдындағы биік шыңға
талпынудың кілтіне қол жеткіземіз.
Гүлмираш ҚЫРЫҚБАЕВА,
аудандық білім бөлімінің
әдістемелік кабинет
меңгерушісі.
Абайдың нақыл сөздері
Құдайшылық – жүректе. Қалпыңда таза сақта.
* * *
Өзі шошқа өзгені ит деп ойлар.
* * *
Жақсы дос білген сырын сыртқа жаймас.
* * *
«Қусың» десе қуанатындар да кездеседі.
* * *
Сенісерге жан таба алмай, сенделеді ит жүрек.
* * *
Арлану – ақылдының ісі.
* * *
Әйтеуiр анадан тәуiрмiн ғой деме. Жаманға салысып
жақсы бола ма? Жақсыға салысып жаман болады-дағы.
* * *
Есебі жоқ ант ішпе.
* * *
Бір қылығың жағып күнде жақсы болмайсың.
* * *
Пендеде бiр iс бар – жалығу деген. Ол – тағдырда адаммен
бiрге жаратылған нәрсе, оны өзi тапқан емес. Оған егер бiр
iлiксе, адам баласы құтылмағы қиын.
* * *
Елдi билеуден адамның өзiн-өзi билеуi қиын. Жағдайы
келгенде бақ көтерiп, таққа отыру бола бередi. Бiрақ соның
буымен өзiн-өзi ұстай алмай, абыройын ашатындар көп.
* * *
Кей адам бүгiн тату, ертең қату
Тiлеуi, туыстығы бәрi сату.
* * *
Ақыл, қайрат, жүректi бiрдей ұста,
Сонда толық боларсың елден бөлек.
* * *
Ненiң қызығын көп iздесең, соның азабын бiр тартарсың.
* * *
Арсыз болмай атақ жоқ,
Алдамшы болмай бақ қайда?..
* * *
Әркiмдi заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек?
Заманды жаман күйлемек,
Замана оны илемек.