ӘДІЛ САЙЛАУӘДІЛ САЙЛАУ – АЗАМАТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ КӨРІНІСІЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ КӨРІНІСІ

24 Views

2026 жылдың 23 тамызында еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі – Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтеді. Бұл – ел тарихындағы жаңа саяси науқан. Орталық сайлау комиссиясында жеті саяси партия ұсынған бес жүзден астам кандидат тіркеліп, алдағы сайлауда халық сеніміне ие болу жолында бақ сынамақ.
Сайлаудың заң талаптарына сай, ашық әрі әділ өтуінде қоғамдық байқаушылардың рөлі ерекше. Олар сайлау учаскелеріндегі дауыс беру процесін бақылап, оның жариялылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосады.
«Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы бес жылдан бері өңірімізде өтетін барлық сайлау науқандарына қоғамдық байқаушыларды даярлап келеді. Осы уақыт ішінде облысымыздағы бірде-бір сайлау біздің ұйымның байқаушыларының қатысуынсыз өткен емес. Сонымен қатар тұрақты әріптесіміз – «Жастар-зерттеу» жастар қоғамдық бірлестігі де қоғамдық байқаушылар қатарын толықтырып, азаматтық бақылау жұмысына белсенді атсалысып келеді.

Жуырда Тараз қаласынан арнайы келген қоғамдық бірлестіктердің өкілдері Құлан ауылында қоғамдық байқаушыларға арналған оқыту семинарын өткізді. Семинар барысында қатысушыларға байқаушылардың құқықтары мен міндеттері жан-жақты түсіндіріліп, сайлау күні атқаратын негізгі қызметтері, заң талаптары мен бақылау жүргізудің тәртібі кеңінен баяндалды. Қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарға жауап алып, тәжірибелік кеңестермен бөлісті.
Әділ әрі ашық сайлау – демократиялық қоғамның басты қағидаларының бірі. Ал қоғамдық байқаушылардың белсенділігі мен жауапкершілігі осы қағидалардың сақталуына ықпал етеді. Сондықтан әрбір байқаушы өз міндетін заң аясында адал әрі кәсіби деңгейде атқаруы – ел болашағына қосқан маңызды үлес.
Асқар ҚАДЫРҚҰЛОВ,
«Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының басшысы.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий