ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

23 Views

АУДАН ӘКІМІ ЕРНАР
ЕСІРКЕПОВТІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН
ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ
НАУҚАНЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ
ПЫСЫҚТАУ МАҚСАТЫНДА ЖИЫН
ӨТТІ.

Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Ербол
Әбутәліпов, аудан прокуроры Ілияс Тойшыбеков,
сондай-ақ, аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен
мекемелердің басшылары қатысты.

Күн тәртібінде сайлау науқанына дайындық
барысы, ұйымдастыру жұмыстары және тиісті
бөлімдердің атқаратын міндеттері талқыланды.
Жауапты
сала басшылары атқарылып жатқан жұмыстар
туралы баяндап, алдағы кезеңге жоспарланған
іс-шараларды таныстырды.

Аудан әкімі сайлау процесін ұйымдастыру
кезінде заң талаптарының қатаң сақталуы,
азаматтардың конституциялық құқықтарының
қамтамасыз етілуі және сайлау учаскелерінің
белгіленген талаптарға сай әзір болуы маңызды
екенін атап өтті.
Жиын қорытындысы бойынша жауапты
тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар беріліп,
олардың орындалуын бақылауға алу міндеттелді.
АУДАН ӘКІМІНІҢ
БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий