«ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ КОНСТИТУЦИЯ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
Т.Рысқұлов ауданында Қазақстан
Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен
ұйымдастырылған «Отбасы құндылықтары және Конституция» республикалық байқауының аудандық кезеңі жоғары деңгейде өтті. Іс-шараның
негізгі мақсаты – қоғамдағы отбасы
институтын нығайту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Конституцияда бекітілген адам құқықтарымен
міндеттері туралы түсінікті кеңінен
насихаттау, сондай-ақ, ұлттық және
отбасылық құндылықтарды дәріптеу.
Байқауға ауданның әртүрлі ауылдық округтерінен 14 отбасы қатысып,
өздерінің ұйымшылдығын, шығар-машылық қабілеттерін, ұлттық дәстүрге
деген құрметін және отбасы мүшелерінің
бірлігі мен татулығын көрсетті. Қатысушылар байқау талаптарына сәйкес шығармашылық жұмыстарын ұсынып, отбасы тәрбиесі, құқықтық
мәдениет және ұлттық құндылықтар
тақырыптарын жан-жақты аша білді.
Қатысушылардың жұмыстарын
бағалау мақсатында арнайы комиссия
құрылып, барлық жұмыстар белгіленген
талаптарға сәйкес әділ сарапталды.
Бағалау барысында жұмыстың мазмұны, шығармашылық ерекшелігі,
тақырыптың ашылуы, отбасы құндылықтарын насихаттау деңгейі және
Конституциялық қағидаттардың көрініс
табуы ескерілді.
Комиссия шешімі бойынша жүлделі
орындар төмендегідей анықталды:
І орын – Бердімұратовтар отбасы.
Жеңімпаз отбасы облыстық кезеңге
жолдама алып, ауданның намысын
қорғайтын болады.
ІІ орын – Қазиевтер отбасы және
Абаевтар отбасы.
ІІІ орын – Абсалиевтер отбасы,
Жамбыловтар отбасы және Сарсехановтар отбасы.
Жүлделі орын иегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен
марапатталды. Сонымен қатар байқауға
белсенді қатысқан барлық отбасыларға
Алғыс хаттар табысталып, олардың
отбасы құндылықтарын насихаттауға
қосқан үлесі жоғары бағаланды.
Осындай тәрбиелік маңызы зор
іс-шаралар қоғамдағы отбасының
мәртебесін арттыруға, ата-аналар мен
балалар арасындағы өзара сыйластықты
нығайтуға, ұлттық салт-дәстүрді
дәріптеуге және құқықтық мәдениетті
қалыптастыруға ықпал етеді.
Т.Рысқұлов ауданында отбасылық
құндылықтарды насихаттау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да өз
жалғасын тауып, өнегелі отбасылардың
тәжірибесін кеңінен таратуға мүмкіндік
береді.
Р.НАБИКУЛОВА,
«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің
«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің
Отбасын қолдау орталығы»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің әлеуметтік қызметкері.

