Заңды күшіне енген шешім – орындалуы тиіс
Заңды күшіне енген сот шешімі – міндетті түрде және
сөзсіз орындалуы тиіс. Себебі сот шешімі орындалуымен құнды. Орындалмаса оның бағасы да болмайды. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 241-бабында соттың шешімін орындауға жіберу тәртібі көзделген. Ол
барлық мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және азаматтарға қатысты бірдей күшке ие, ал оны орындамау заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады.
Орындау тәртібі мен ережелері:
Міндеттілік: Сот актілері мен заңды күшіне енген шешімдер Республика аумағындағы барлық тұлғалар үшін міндетті.
Ерікті орындау: Борышкер сот шешімін белгіленген мерзімде өз еркімен орындауы қажет.
Мәжбүрлеу шаралары: Шешім уақытында орындалмаса, сот орындаушылар арқылы мүжбүрлеп орындатуға жолданады.
Жауапкершілік: Заңды күшіне енген шешімді немесе үкімді қасақана орындамау заңбұзушылық болып табылып, әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылады.
М.МАРАТБЕК,
Т.Рысқұлов ауданаралық мәжбүрлеп орындату
аумақтық бөлімі филиалының аға сот орындаушысы.

