Аудан әкімі отбасымен бірге өз таңдауын жасады

18 Views

АУДАН БАСШЫСЫ ЕРНАР ЕСІРКЕПОВ №1 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНДЕ
ОРНАЛАСҚАН №342 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІМЕН
БІРГЕ ДАУЫС БЕРДІ.
23 тамызда өткен Қазақстан республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында
ауданда барлығы 36 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Оның ішінде 23 учаске – мектептерде,
12 учаске – мәдениет үйлерінде, 1 учаске – колледж ғимаратында орналасқан. Барлық
учаскелер өз жұмысын сағат 07:00-де бастап, 20:00-ге дейін жалғастырды.
Аудан бойынша 39 786 сайлаушы бар. Дауыс беру үдерісінің ашық әрі заңнама
талаптарына сәйкес өтуі үшін барлық қажетті жағдай жасалды. Сондай-ақ, учаскелік
комиссиялардың жұмысына байқаушылар қатысып, дауыс беру рәсімінің заңдылығы
мен ашықтығын қадағалады.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий