ARAI» жазды, жауап келді

713 Views

ARAI» жазды, жауап келді

Құмарықтағы кемшіліктер қалпына келтірілуде

2019 жылдың 31 қаңтар күні «ARAI» газетінің №5/692/ санында жарияланған «Құмарықта қордаланған мәселе көп» атты журналист Қамар Қарасаеваның «Syn men shyn» рубрикасымен жазған сыни мақаласы бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабарлаймыз:  Мақалада Құмарық ауылы, Болтай Батыр атындағы шағын орталықты орта мектеп жанында орналасқан электр желісі трансформаторының қоршауындағы (1,5 метр жері) тор сымдарды белгісіз біреулер кесіп алып кеткені рас. 2019 жылы 4 ақпан күні аталған трансформатор қоршауы қалпына келтіріліп, аудандық электр желілерін тарату бөлімі тарапынан толықтай қоршалды. Аудан әкімдігінің хаттамалық тапсырмасымен барлық елдімекендердегі электр желісі трансформаторларын түгендеу жұмыстары 2019 жылдың 15 қаңтарынан бастап жүргізіліп келеді. Тиісті орындар мен ауылдық округ әкімдіктері, тиісті мекемелердің бұл жұмысты тапсырмаға сай орындауы әлі де жалғасада.  

Құмарық ауылы мәдениет үйінің алдындағы Карл Маркс ескерткішін заң талаптарына сай орнынан алу немесе ауыстыру шараларын жүргізу туралы жауапты орындарға (Құмарық ауылдық округі әкімдігі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі, аудандық тарихи-өлкетану музейі) хат жолданып, тиісті жұмыстарды белгіленген мерзімге дейін атқарып, жауап беруі тапсырылды.

Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі.

 

Поделиться ссылкой: