Түнгі тыныштықты бұзғандарға қандай жаза бар?
14 ViewsТыныштықты бұзған азаматтарға ескерту жасалады немесе айыппұл салынады. Түнде қатты музыка қою, жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе айғайлап, көршілердің мазасын алу – заң бойынша жауапкершілікке…
КЕШЕ АУДАН ӘКІМІ ЕРНАР
ЕСІРКЕПОВ МЕМЛЕКЕТ
БАСШЫСЫНЫҢ ЖАРЛЫҒЫНА
СӘЙКЕС, ЛУГОВОЙ АУЫЛЫНЫҢ
ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП,
АУДАННЫҢ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҢ
ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІ МЕН АТҚАРЫЛЫП
ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРДЫ БАЯНДАДЫ.
ЖИЫНДА ЕЛДІ МЕКЕННІҢ
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛІП,
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫС-
ПІКІРЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ.
Кездесуде тұрғындар ауыз су мен электр
жарығының тұрақсыздығын, тозығы жеткен электр
бағаналары мен сымдарын жаңарту мәселелеріне
ерекше тоқталды. Сонымен қатар Смат Есімов
және Рамазан Құрымбаев көшелерінің келбетін
жақсарту, қараусыз жүрген төрт түлікке қатысты
шаралар қабылдау, суағарлар орнату, Тұрар
Рысқұлов және Максим Горький мектептерін
күрделі жөндеуден өткізу, орталық көшелердегі
гүлзарлар мен тал-дарақтарды суару мәселелері
көтерілді.
Ауыз су мәселесіне қатысты «Таза Су –
2014» мекемесінің басшысы Замедин Шораев
су құбырларындағы ақауларды жою бағытында
жұмыстар тұрақты жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Оның айтуынша, жыл басынан бері 200-ден астам
ақау ретке келтірілген.
Жиында ауылдың бүгінгі келбеті мен
болашағына қатысты атқарылып жатқан жұмыстар
да сөз болды. Қазір Луговойда ғасырлық тарихы
бар теміржол бекетінің қайта салу жұмыстары
жүргізілуде. Құрылыс нысанын бірер күнде толық
аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар бекет
аумағын абаттандыруға, айналасын көркейтіп,
ауылдың ажарын арттыруға да ерекше көңіл
бөлінуде.
Аудан әкімі тұрғындардың талап-тілектерін
тыңдап, көтерілген мәселелерді шешу бойынша
жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді.
Әсіресе ауыз су мен электр жарығына қатысты
мәселелердің шешімін жеделдету қажеттігін атап
өтті.
С ө з со ң ы н д а а у д а н ә к і м і М е м ле к е т
басшысының «Таза Қазақстан» және «Заң мен
тәртіп» тұжырымдамалары аясында ауылдың
тазалығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз
ету бағытында тиісті шараларды жүйелі түрде
қабылдау қажеттігін айтып, бірқатар тұрғындарды
жеке де қабылдап, мазмұнды мәселелерге ерекше
мән берді.
Жәнібек СҰЛТАН.