ӨТКЕН ОҚУ ЖЫЛЫН САРАЛАП, ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА НАҚТЫ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕР БЕЛГІЛЕЙТІН МАҢЫЗДЫ КӘСІБИ АЛАҢ

29 Views

Өткен аптада білім қызметкерлерінің Тамыз конференциясы
өтті. Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде
өткен дәстүрлі конференцияға аудан әкімі Ернар Есіркепов, аудан
прокуроры Ілияс Тойшыбеков, сондай-ақ, аудандық мәслихат
төрағасы Ербол Әбутәліпов, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы
Бейсенбек Әлпейісов, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы
Қожайхан Бижанов, білім саласының ардагерлері, мектеп
директорлары және мұғалімдер қатысты.

Тамыз конференциясы – өткен
оқу жылын саралап, атқарылған
жұмыс тарды қорытындылайтын, білім
сапа сын арттырудың басым бағыттарын
айқын дайтын, жаңа оқу жылына нақты
мақсат-міндеттер белгілейтін маңызды
кәсіби алаң.
Дәстүрлі жиында алғаш болып
аудандық білім бөлімі басшысының
міндетін атқарушы Арсен Беделбаев
баяндама жасады. Өз баяндамасында
Арсен Хадизұлы:
– Биылғы жыл еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік дамуында тарихи
маңызы зор кезең болды. 2026 жылғы
15 наурызда өткен жалпыхалықтық
референдум нәтижесінде Қазақстан
Республикасының жаңа Конституциясы
қабыл данып, 1 шілдеден бастап күшіне
енді.
Жаңа Ата Заң – еліміздің дамуын-дағы жаңа кезеңнің құқықтық негізі ғана
емес, қоғамның басты құндылықтарын
айқындайтын маңызды құжат.
Оның преамбуласында мәдениет,
бі лім беру, ғылым және инновация
құндылықтарының нақты бағдар ретінде
белгіленуі – білім саласына берілген
стратегиялық маңыздың айқын көрінісі.
Осыған орай, бүгінгі таңда білім беру
жүйесінің алдына қойылатын талап та
жаңаша сипат алып отыр. Сапалы білім
беру – тек оқушының білім нәтижесін
арттыру емес, елдің адами капиталын
дамытуға, ұлттық құндылықтарды
ны ғай туға және бәсекеге қабілетті
қо ғам қалыптастыруға бағытталған
стратегиялық міндет. Сондықтан жаңа
Конституцияда айқындалған құнды-лық тарды білім беру мазмұнымен
сабақтастыру, жас ұрпақтың бойында
заңға құрмет, жауапкершілік, еңбекқорлық, отаншылдық және білімге
ұмтылыс қасиеттерін қалыптастыру
– бүгінгі педагог қауымының басты
міндеттерінің бірі. «Жаңа Конституция
құндылықтары және сапалы білім:
адами капиталды дамытудың жаңа
бағыттары» тақырыбы осы өзекті мәселелерді білім беру жүйесінің қазіргі
даму үрдіс терімен сабақтастыра
қарастыруды көздейді.
2025-2026 оқу жылында Т.Рысқұлов
ауданы ның білім бөлімініне қарасты 39
мектепте (29 орта, 2 негізгі, 8 бастауыш)
13 261 бала білім алса, 29 балабақшада
(14 мемлекеттік – 1 517, 15 жекеменшік
– 1606) 3123, мектеп жанындағы шағын
орталықта 310 бала мектепке дейінгі
тәрбиемен қамтылды. Ал аудандағы 5
қосымша білім беру мекемесінде 7465
бала түрлі үйірмелермен қамтылып,
1 педагогикалық-психологиялық
түзету кабинеті ерекше білім беру
қажеттіліктері бар 166 баланың
дамуындағы қиындықтарды азайтып,
оның әлеуетін ашуға, білім алуына
және әлеуметтік ортаға бейімделуіне
қолдау көрсетті. 2025-2026 оқу
жылында ауданның білім беру саласын

қаржыландырудың жалпы көлемі 21 миллиард 645 миллион теңгені құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 миллиард теңгеге
артқан. Сондай-ақ, Жаңатұрмыс
ауылын дағы Қ.Сәтбаев атындағы орта
мек тебіне 755 миллион 336 мың теңгеге
күрделі жөндеу жүргізілсе, Малдыбай
ауылында Жамбыл облысы құрылыс
басқармасының тапсырысымен құны
1 миллиард 602 миллион 74 мың
теңгеге Малдыбай орта мектебінің 120
орын дық жаңа мектеп ғимаратының
құрылысы аяқталып, пайдалануға
берілгелі отыр. Қарақат ауылындағы
№2 шағын орталықты орта мектебіне
жапсарлас соғылып жатқан спортзал
құрылысыда аяқталуға жақын, – деп
өткен оқу жылын дағы жетістіктерге
тоқталды.
Бұл жиында аудан әкімі Ернар
Есіркепов те ауданымыздағы білім сапасын арттыру, мектептердің қауіпсіздігін
қамтамасыз ету, ата-аналар институтын
дамыту, білім беру нысандарының
материалдық базасын нығайту, педагог
мәртебесін көтеру сияқты маңызды
мәселелерге тоқталып, ата-аналар
мен қоғамның бала тәрбиесіндегі
жауапкершілігін күшейту қажетттігін
атап өтті.
2025-2026 оқу жылында аудан
педагогтері облыстық, республикалық
кәсіби шеберлік конкурстарынан
айтарлықтай жетістіктер көрсетті. Атап
айтқанда, 13 педагог халықаралық,
22 педагог республикалық, 51
педагог облыстық конференцияларға,
педагогикалық оқуларға қатысса,
32 педагог облыстық байқаулардан
жүлдегер атанса, 4 педагог республикалық байқаудан жүлдегер атанды.
Айталық, Әлихан Бөкейханов
атындағы орта мектептің қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мәулен
Тобықов республикалық «Үздік
педагог» байқауының жеңімпазы
атанып, 3 миллион 932 мың теңгенің
сертификатын алса, осы аталған мек-тептің тарих пәнінің мұғалімі, жас
маман Ақжарқын Сәрсенбай респуб-ликалық «Дарынды балаға – талантты
ұстаз» шығармашылық байқауынан
І орын, «Жас ұстаз: табысқа апарар
жол» байқауынан «Ұстаз Лайфхак»
номинациясы бойынша үздік деп
танылып, І дәрежелі дипломмен
марапатталды. Шоқан Уәлиханов
атындағы орта мектептің психологі
Айжан Малибаева республикалық
«Үздік авторлық бағдарлама» бай-қауынан жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Мектеп оқушыларының олимпиадалар мен ғылыми
жоба жарыстарындағы жетістігі –
бі лім сапа сының нәтижелі көрсеткіші. Өткен оқу жылында 167
оқушы облыстық олимпиадаларға
қаты сып, 69-ы жүлделі орындарды
иеленсе, шығармашылық бағыттағы

бай қаулардың облыстық кезеңіне
407 оқушы қатысып, 273-і жүлделі
орын дарды иеленді. Республикалық
кезеңіне қатысқан 18 оқушының 13-і
жеңіс тұғырынан көрінді. №6 мектеп-гимназиясының оқушысы Кәусар Қашқынбай республикалық ауыл олимпиадасынан қазақ тілі мен әдебиеті пәні
бойынша І орын «Алтын медаль»
және Сүлеймен Демирель атындағы
университеттің грант иегері атанса,
жалпы білім беретін пәндер бойынша
олимпиаданың республикалық кезеңінен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен І
орын «Алтын медаль» және Ш.Мұртаза
уни верситетінің оқу грантын жеңіп
алды. Сондай-ақ, Кәусар Қашқынбай
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту
министрлігі «Дарын» республикалық
ғылыми-практикалық орталығының
«Үздік ауыл мектебінің оқушысы –
2026» атағын иеленді.
Құлан мектеп-гимназиясының
оқушысы Мырзабек Ерзат республикалық «Шерхан оқулары», «Ілия
оқулары», «Мағжан оқулары» бай-қауларынан І орын, Т.Рысқұлов мектеп-лицейінің оқушысы Айқын Құрманбек республикалық ауыл олимпиадасынан
химия пәні бойынша ІІ орын иеленсе, Абай, Болтай батыр орта мектептерінің
оқушылары да республикалық олимпиадалардан жүлдегер атанды.
Бұл жетістік – жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың жоғары деңгейдегі білім сапасы мен жүйелі дайындықтарының айқын
көрсеткіші. Олимпиадалық білім бәсекесінде №6 мектеп-гимназиясы республикалық «Ең үздік олимпиадалық  100 мектеп» қатарына еніп, аудан
мерейін үстем етті. Бұл табыстар – педагогтердің кәсіби шеберлігі мен
оқушылардың білімге деген ынтасының нәтижесі.
Жоғарыда аталған дарынды шәкірттерді тәрбиелеудегі Фараби Арыстанбеков, Дастан Асқаров, Айкенже Баймахан, Зағира Алиева, Назгүл Қосыбаева,
Жанар Букетова сынды ұстаздардың еңбектері ерен деуге болады.
ҰБТ нәтижесі талапкердің пәндік білімін ғана емес, оқу материалын
түсіну, талдау және қолдану дағдыларын да саралауға мүмкіндік береді.
Сондықтан мектептің басты міндеті – әрбір түлекке сапалы білім беріп, оның
қабілеті мен таңдауына сәйкес кәсіби бағдар көрсету және жоғары нәтижеге
жетуіне жүйелі қолдау көрсету болса керекті.
Т.Рысқұлов ауданы бойынша 2025-2026 оқу жылын 27 орта мектепті 904
түлек аяқтады. Оның 827-сі (71,8 %)  ҰБТ-ге қатысып, 79,5 орташа балды
көрсетті. Алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда 0,4 балға өскен (2024 жылы
– 79,1). Осы орайда, ұлттық бірыңғай тестілеудің ең үздік нәтижесін көрсетіп,
140 балдың иегері атанған Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің
түлегі Назерке Сәрсенбайды ерекше атап өткеніміз жөн.
Дәстүрлі тамыз конференциясының соңына қарай бірқатар білім саласының
қызметкерлері мен педагогтерге түрлі наградалар табыс етілді.
Марат ДИХАНБАЙ.

 

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий