Қоғамдық орында темекі шегіп, аумақты ластаған азамат қоғамдық жұмыстарға тартылдыазамат тартылды

11 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 434-2 б. 1 б. (ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) бойынша азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, 2026 жылғы 19 тамызда Құлан ауылы, Тлепов көшесінің бойында қоғамдық орында темекі шегіп, темекі қалдығын жерге тастап, ортақ пайдалану орындарын ластағаны анықталды.
Сот қаулысымен азамат А. ӘҚБтК-нің 434-2 б. 1 б. бойынша кінәлі деп танылып, оған 40 (қырық) сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту әкімшілік жазасы қолданылды.
Қабылданған шешімге сәйкес, құқық бұзушы Құлан ауылының ортақ пайдалану аумақтарын тазалау жұмыстарын жүргізеді.
Қоғамдық орындардың тазалығы мен тәртібін сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Темекі қалдықтарын және басқа да қоқыстарды белгіленбеген орындарға тастау қоршаған ортаға зиян келтіріп қана қоймай, елді мекеннің санитарлық жағдайына кері әсер етеді.

*   *   *

Ауруханада қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әйелге айыппұл салындыайыппұл салынды

Т.Рысқұлов аудандық соты азаматша С.-ға қатысты ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі).
2026 жылдың тамызында сағат 15:30 шамасында Құлан ауылының орталық аудандық ауруханасында азаматша С. жәбірленушіге дөрекі және балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті, науқастар мен ауруханаға келушілердің тыныштығын бұзды.
Кінә тараптардың, куәгерлердің айғақтарымен, учаскелік инспектордың баянатымен және хаттамамен дәлелденді.
Құқық бұзушы кінәні ішінара мойындап, жанжал кезінде дөрекі сөйлегенін, бірақ әдепсіз сөздерді қолданбағанын түсіндірді.
Жәбірленуші хаттамада көрсетілген мән-жайларды растады.
ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды немесе 20-дан 60 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды не 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуды көздейді. Кәмелетке толмаған балалардың болуын, материалдық жағдайын және ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескере отырып, сот айыппұл мөлшерін 30%-ға азайтты.
Сот қаулысымен С. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 60 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енді.
«ҚҰЛАН ТАҢЫ» АҚПАРАТ

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий