ОТБАСЫ – қоғамның берік негізі
13 ViewsОтбасы – адам өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі. Отбасындағы өзара түсіністік, сыйластық пен жауапкершілік қоғамның тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Осы бағытта аудан әкімдігінің «Отбасын…
Қазақстан Республикасының Конституциясы әркімнің өз құқықтары мен
бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді. Осы конституциялық
кепілдікті іске асыруда азаматтардың
сот төрелігіне қол жетімділігі ерекше
маңызға ие.
2024 жылғы 26 шілдеде «Салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы
Кодексінің (Салық кодексі) 616
бабы 1тармағы 13тармақшасының
Қазақстан Республикасының Консти туциясына сәйкестігін қарау туралы
Конституциялық соттың №50НҚ нормативтік қаулысы қабылданды.
Қаулыдағы нормалар 2025 жылғы 18
шілдеде жаңа қабылданған Қазақстан
Республикасының салық кодексінің
668бабы 1бөлігінің 13тармақшасын
қолдану кезінде де ескеріледі.
Аталған нормативтік қаулының
талаптарына сәйкес, мүгедектігі бар
адамнан сотқа жүгінгені үшін мемлекеттік баж өндіріп алу туралы заң нормасы Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкес келмейді деп танылды. Енді мүгедектігі бар адамдар
сотқа жүгінгені үшін мемлекеттік баж
төлеуге міндетті емес екені анық көрсетілді.
Өз кезегінде Конституциялық соттың нормативтік қаулылары Қазақстан
Республикасының бүкіл аумағында
жалпыға бірдей міндетті болып табылады.
Айбек ӘУЕЗБЕКОВ,
аудандық
прокуратураның
аға прокуроры.