Президент Жолдауы

669 Views

 Ел Президенті Қ.Тоқаевтың  «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында түрлі мәселелер, соның ішінде мемлекеттік тіл, мемлекеттік қызмет, азаматтық қоғам, этносаралық татулық сияқты бірқатар тақырыптарды қозғады. Сондай-ақ, келер жылы аталып өтетін маңызды мерейтойлар мен елеулі оқиғаларға дайындық жұмыстары басталғандығы жөнінде айтылды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы мұғалімдердің мәселесін де назардан тыс қалдырмай, «Педагогтардың мәртебесі туралы»     жаңа Заң қабылдауды тапсырғанын – барлық ұстаздар қауымы зор ықыласпен қабылдады.

 Президент бұл Жолдауда әлеуметтік бағыттарға – отбасы бизнесін құруға, ең алдымен, көп балалы және жағдайы төмен отбасыларға аса мән бере отырып, бизнеске қолдау көрсетудің жаңа тәсілдерін енгізу керектігін баса айтты.

 Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін одан әрі дамыту мәселесі бойынша да Жолдауда көп тапсырмалар берілген. Кепілдендірілген әлеуметтік көмек түрлері бойынша шешімдер 2020 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енетіні тиіс екенін тапсырды. Осы аталған шаралардың бәрі қазақтандықтардың өмір сапасының артуына кепіл болары сөзсіз.

Б.Мухтарова  «Қазақстан Заңгерлік одағы»

қоғамдық бірлестігінің

Жамбыл облыстық

филиалының мүшесі

Т.Рысқұлов ауданының Әділет

басқармасының бас маманы

Поделиться ссылкой: