Өз өлкеңді танисың ба?
50 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
«Көркемдік-бейнелеу өнері галереясы» – тараздықтар мен қала қонақтарына қазіргі заманғы бейнелеу өнерін жаңа бағытта таныстыруға мүмкіндік бермек. Ол – облыстың 80 жылдық мерейтойына орай ашылған «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі басты нысандардың бірі. Жаңа ғимарат өңірдегі бейнелеу өнерін дамытуға, насихаттауға және қылқалам иелерінің шығармашылықтарын дамытуға негізделген. Қазақ және шетелдік суретшілердің кескіндемелерін және шығармашылық туындылары орналасқан галереяда белгілі суретшілердің жеке көрмелері шығармашылық және балалар көрмелері т.б іс-шаралар өтіп отырады.
Ғимараттың жалпы аумағы 3000 шаршы метрден асады. Ғимарат екі қабаттан тұрады. Бірінші қабатында 600 шаршы метрді құрайтын үлкен көрме залы, Брюммер залы, Гобелен сақтау қоры, зертхана, гардероб орналасқан.
Айта кетейік, нысанның ашылу салтанатына орай бірінші қабаттағы көрме залында ҚР Суретшілер одағының кескіндемеші-суретшілерінің туындыларынан жасақталған «Қазақстанның бейнелеу өнері» атты көрме көпшілік назарына ұсынылды. Онда Ө.Жұбаниязовтың, А.Казгуловтың, С.Альжановтың, Ж.Кайрамбаевтың, Т.Кожагуловтың, О.Есенбаевтың тамаша туындылары қойылған. Сондай-ақ Жамбыл жерінен шыққан ҚР Суретшілер Одағының мүшелері: Қ.Аманқосовтың, С.Азизовтың, Г.Тянның, Р.Сапаралиеваның, К.Темірханның, А.Назарқұлдың, Н.Денисовтің және т.б. бейнелеу өнер шеберлерінің туындылары және жас дарынды суретшілердің шығармалары да көрмеден орын алған.
Ал Л.Брюммер залында әлем суретшілерінің каталогіне енген Леонид Брюммердің қыл қаламынан шыққан туындылары орын алған. Өмірі қиын-қыстау, жоқшылықпен өткеніне қарамастан, өнер иесі суреттерін сатып, баюды ойламады. Өмірінің соңы қайғылы, қасіретті болғанына қарамастан өмір бойы салған туындыларын кеңпейіл, өзіне құшағын ашқан қазақ халқына шашпай-төкпей қалдыруға ұмтылды. Талантына бас иіп, әлем бағалаған суреттерін тегін, сыйға тартқан азаматты Тараздың сөнбес жұлдыздарының бірі деп айтпасқа болмайды.
Брюммердің қордағы 1200-ге жуық еңбегі арқылы Тараздың бұрынғы көріністерін көресіз, өзіңізге таныс жерлерді танисыз. Оның өз өмірінің соңғы жылдарын өткізген қаласына деген ерекше сүйіспеншілігін 1971 жылы біздің музейге сыйлаған мұраларынан білесіз.
Ал екінші қабатында қалпына келтіру шеберханасы, жұмыс кабинеттері орын алған. Онда болашақта балаларды бейнелеу өнеріне баулитын бейнелеу өнері үйірмесін ашу жоспарлануда. Бейнелеу өнері үйірмесінде балалар шығармашылығын дамытып, сурет салу өнерін үйренсе, қалпына келтіру шеберханасында түрлі жәдігерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Тел: 8 (7262) 45-29-99