Көктемнің бір күні…

804 Views

– жылға азық» дейді диқан қауымы. Осы қағиданы ескерген аудан диқандары жер қарайып, күн жылынысымен дала төсін дүбірлетіп қосқа шықты. Олар іргемізге індет келіп тұрса да ер­теңгі күннің қамын ойлап дала төсіне шық­ты. Қазір аудан аумағындағы көк­темгі егіс-дала жұмыстарында әр түр­лі маркадағы 945-тен аса ауыл ша­руа­шы­лығы техникалары жүр. Осынау жа­уапты науқанның барысын білу мақ­сатымен біз аудан әкімдігінің ауыл шаруа­шылығы бөлімінің басшысы Ерғазы Еспеновке қоңырау шалып, одан нау­қанның аяқалысын білдік.
– Астықты ауданның дәнді дақылдар егіс­тігінің ауқымы әжептәуір жерді алып жатыр. Биылғы жылдың өнімінің негізін қалауға аудан егіншілері өткен күзде-ақ, кіріскен. Сөйтіп, 53 мың 916 гектар алқапқа күздік бидай, 1620 гектарға күздік арпа сеуіп те қойған. Қыс бойы майланып, сайланып, қаңтарулы техника көктем шығысымен жаппай жұмысқа жегілді. Диқандар жер қызысымен қол қусырып қарап отырмай алдымен күздік тырмалап, пар жыртып, одан соң артынша 3500 гектар танапқа жаздық, 56220 гектарға жаздық арпа себуді қолға алды. Оның үстіне көктемде дән себуге арналған 71853 гектар жер дайын болатын. Қазіргі таңға 39837 гектар егістікке жаздық дақыл себілді. Науқанға 2795 тонна жанар-жағар май бөлінді. Сондай-ақ, 220 тонна тыңайтқыш алынды,- дейді ол.
Бізге ауыл шаруашылығының сектор бөлімінің меңгерушісі Әлдибек Туғанбаев та шұғыл ақпарат берді. Оның айтуынша биылғы жауапты науқанда шапшаң қимылдап, едәуір тірлік бітіріп тастаған диқандар баршылық екен. Мәселен, Мәселен, Қарақыстақ ауылдық округіне қарасты М.Құрамысов басқаратын «Мақсат» шаруа қожалығы көктем шыққалы 1200 гектар күздік тырмалап, 500 гектарға арпа, тағы да соншама алқапқа мақсары тұқымын сеуіп те қойыпты.
– Осындай ілкімділердің қата­ры­­на Өрнектегі «Нұрдәулет» шаруа қожа­лы­ғының диқандарын да жат­қызу­ға бо­лады. Мұнда да қолайлы агро­­тех­ни­­калық мерзімде 600 гектар жер­дің күз­дік бидайы тырмаланып, 300 гек­тар­ға жаздық арпа мен 200 гектарға мақ­сары тұқымы себілді. Науқанды ұйым­­­­шылдықпен өткізіп жатқан «Ер­нар», «Ернұр» және «Ақтоған», «Бай Ал­ғабас» және «Құлбарақ» шаруа қожа­­лықтары.
Аудан диқандары алдында 320 гек­тар­ға қант қызылшасын, 195 гектарға картоп, 209 гектарға көкөніс, 95 гектарға бақ­ша, 3800 гектарға көпжылдық шөп себу міндеті тұр. Осы мақсаттарды ал­дына қойған аудан диқандары көктемгі егіс-дала жұмыстарын қолайлы мер­зім­де аяқтауға күш жұмсауда.

С.Қожеке.

Поделиться ссылкой: