Дәріханаларда дәрі бағасы тұрақталды

498 Views

Т.Рысқұлов ауданында дәрі бағасы қатаң бақылауға алынды. «Qulan-adaldyq alańy» жобалық кеңсесі дәріханаларға препараттардың шекті бағасы жазылған парақшалар іліп, тұрғындарды ақпараттандырды. Арнайы парақшада ең қажет деген бес препараттың бағасы белгіленіп, QR код көрсетілген. Бұл кодты ұялы телефонмен сканерлеу арқылы тұтынушылар барлық дәрінің бағасын біле алады. Егер дәрілер шекті бағадан қымбат сатылса, тұрғындар парақшада көрсетілген байланыс телефондарына қоңырау шалып, шағымдана алады.
Кез-келген дәріханаға келген азамат, тікелей бұйрықпен танысып, бұйрықтың астынан бекітілген бағаларды көре алады. Егер сіз шектен тыс асқан бағада дәрі-дәрмек сатып алсаңыз, төменде көрсетілген біздің жобалық офистің байланыс нөмеріне хабарласыңыздар!
Байланыс телефоны: 8(72631) 2-12-67; 8707 658 37 89

Д.Нарматова,
«Qulan-adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің жетекшісі.

Поделиться ссылкой: