Ұлттық тәрбие – болашақ кепілі
38 ViewsӨткен жұмада Тереңөзек ауылындағы «Балауса» бөбекжай-бақшасында «Ұлттық тәрбие – болашақ кепілі» деген тақырыпта семинар өтті. Іс-шараның мақсаты – балалар бойына халықтың дәстүр танымындағы өсиеттерді…
Қазақстан Халық партиясының атынан Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар Тараз мемлекеттік университетінің Жастар сарайында тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында сайлаушыларға Халық партиясының сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді.
Қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Жанат Бастаубаева партия парламент қабырғасында бірінші кезекте мынадай міндеттерді шешуді көздеп отырғанын атап өтті: Қазақстан дамуының жаңа өзегі ретінде әлеуметтік мемлекет құру; Ағымдағы нақты жағдайға байланысты экономикалық стратегияны өзгерту; Үкімет жұмысының ашықтығын және оның түпкілікті нәтижеге бағдарлануын қамтамасыз ету.
Сондай-ақ жаңа әлеуметтік бағыттың негізі болуы тиіс Халық партиясы ұсынған он бастама да таныстырылды. Бұл туралы сайлаушыларға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Ж.Естаева, Б.Төлеушов және қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Ж.Бастаубаева мен С.Әбдікерімов түсіндіріп берді. Кездесуге қатысушылар ҚХП-ның ұсыныстарын оң қабылдады.
«Қазақстан Халық Партиясы» Жамбыл облыстық филиалы.