Кезекті комиссия отырысы өтті

563 Views

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаевтың төрағалығымен және аудан прокуратурасының аға прокуроры Н.Абдешовтың қатысуымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комис­сия­ның кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде 6 мәселе қаралды. Күн тәртібінің алғашқы мәселесі бойынша Р.Сәбденов ауылы, Ы.Алтынсарин көше­сінің аяғында орналасқан «Азамат» көл­шігінде орын алған М.Горький орта мектебінің екі оқушысына қатыс­ты орын алған қайғылы жағдайға байла­нысты М.Горький орта мектебінің дирек­торы Шымырбекова Озипа баяндама жасады.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша Ә.Бөкейханов орта мектебінің директоры Шолақова Нұргүл Төленқызы, аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас­шысы Рүстем Қырықбаевтың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тарапы­нан кәмелетке толмағандардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мәдени іс-шараларға тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің дирек­торы Айбек Сәрсеханұлының Жастар ресурстық орталығы тарапынан кәмелетке толмағандардың бос уақыт­тарын тиімді пайдалану мәдени іс-шараларға тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндамалар тыңдалды.
Сонымен қатар, Т.Рысқұлов ауданы­ның полиция бөлімінің есебінде кәме­летке толмаған жасөспірімдердің заңды өкілдерінің қатысуымен комиссия оты­ры­сында қаралды.
Комиссия отырысында күн тәрті­біндегі мәселелер толық қаралып, мек­теп директорларына және мектеп инспек­торларына, тиісті мемлекеттік мекемелерге хаттамалық тапсырмалар берілді.
Аталған комиссия отырысына комиссия мүшелері, мектеп дирек­торлары және ата-аналар қатысты.
Барлық тапсырмалар мен ұсыныс-пікірлер комиссия хатшылығының бақылауына алынды.

Мөлдір ТАСТАНБЕК.

Поделиться ссылкой: