2 356 Views
Білім беру объектілері сумен, жылумен, жарықпен, желдеткішпен, санитарлық тораппен толық жабдықталуы керек. Ойын және спорт алаңдары тәрбиеленушілердің бойына және жасына сәйкес келеді. Секіруге арналған шұңқырларды үгінділер қосылған таза құммен (тас, бұтақтар, жапырақтарыжоқ) толтырады, секіру алдында іші қопсытылады және тегістеледі. Шұңқырлардың ағаш ернеулері жердің бетімен бір деңгейде болуы тиіс, олар брезентпен немесе резеңкемен қапталады. Жүгіру жолдарының бетінің қатты, жақсы құрғатылатын жабыны болуы, нығыз, шаңданбайтын, атмосфералық жауын-шашынға төзімді жоғарғы қабаты болуы тиіс.Жыл сайын объектіде ағымдағы жөндеу жүргізіледі. Объектілер жұмыс істеп тұрған кезде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді. Барлық үй – жайлардың төбелері мен қабырғалары тегіс, саңылаусыз, жарықшағы жоқ, бүлінбеген, грибоктармен зақымдану белгілерінсіз болуы тиіс. Терезе әйнектері, электр шамдардың плафондары және сыртқа тартып желдету жүйесінің жалюзді торлары таза ұсталады. Желдету үшін ашылатын терезелерге, форточкаларға, фрамугаларға москит торлары орнатылады. Ас блогын және дәретханаларды күн сайын дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жинайды. Дәретханаларда еден, есік тұтқалары, кранның құлақтары, раковиналар және унитаздар күн сайын дезинфекциялауға жатады .Үй – жайларды ылғалды жинауды ұйымның техникалық персоналы жүргізеді. Жинау мүкәммалы (легендер, шелектер, щеткалар, шүберектер) таңбаланады және олар жекелеген үй-жайларға (санитариялық торап, медициналық пункт, ас блогының өндірістік үй-жайлары, тамақ ішетін залдар, рекреациялар, оқу кабинеттері, жатын бөлмелер, өндірістік шеберханалар) бекітіледі және арнайы бөлінген орындарда сақталады. Барлық ұйымдардың санитариялық тораптары үшін жинау мүкәммалының белгілік таңбасы болады. Объектілерде дератизациялау және дезинсекциялау бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Жәндіктердің, кенелердің және басқа да буынаяқтылар мен кеміргіштердің болуына жол берілмейді. Тығыз жабылатын қақпақтармен жабдықталған қоқыс жинағыштар шаруашылық аймақтағы үш жағынан қоршалған, су өткізбейтін төсемі бар алаңға орнатылады. Объектілерде оқу кабинеттері, зертханалар жұмыс үстелдерімен, арқалығы бар орындықтармен жабдықталады. Оқу үй-жайларындағы жиһаз сол жақ бүйірден табиғи жарықтандыру қамтамасыз етіле отырып, орнатылады. Күн сайынғы мектеп оқушысының сабақ кестесі оқу портфелінің немесе аспалы сөмкенің (рюкзактың) салмағының гигиеналық нормативтерін ескере отырып құрылады. 1-3-сыныптар үшін ( 1,5-2,0 кг); 4-5-сыныптар үшін(2,0-2,5 кг; 6-7-сыныптар (3,0-3,5 кг); 8-11 (12)-сыныптар үшін (4,0-4,5 кг) – нан аспауы тиіс. Жалпы білім беру ұйымдарының барлық түрінде оқушылар үшін сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы кемінде 5 минут, үлкен үзіліс (2-ші немесе 3-ші сабақтан кейін) 30 минутты құрайды. Бір үлкен үзілістің орнына екінші және төртінші сабақтан кейін әрқайсысы 15 минуттан екі үзіліс жасауға жол беріледі. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің медициналық тексеру-қараудан өтіп, жұмысқа жіберілгені туралы белгісі бар жеке медициналық кітапшалары болады.
Білім алушылар карантин кезеңінде білім беру ұйымдарының ғимаратына кірген және шыққан кезде: жауапты қызметкер немесе медицина қызметкерлері күнделікті таңертеңгі сүзгіні жанаспайтын термометрия, ғимаратқа кіреберісте қолды антисептикпен өңдеу жүргізеді; – жалпы білім беру объектісінің үй-жайларында да, ғимаратында да да қашықтықты сақтау үшін кемінде 1,5 м сигналдық белгілер қойылады; – персоналдың қолдарын өңдеуге арналған тері антисептигі бар санитайзерлер әр қабатта, әр сыныпта (аудиторияда, кабинетте), санитариялық тораптарда және лас маскаларға арналған таңбаланған сыйымдылықтарда орнатылады; – оқушылар мен қызметкерлерге арналған санитариялық тораптарда дозаторларда сабынның, дозаторларда қолға арналған дезинфекциялық құралдардың болуы, қол жуу қағидалары бар плакаттардың болуы қамтамасыз етіледі; – сабақтар арасындағы үзіліс уақыты әр түрлі уақытта әр түрлі сыныптар (топтар) үшін белгіленеді; кабинеттік жүйені болдырмау; – таза ауада дене шынықтыру сабақтарын жылы уақытта ұйымдастырылады немесе спорт залдарын үнемі желдетеді; – санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамды коронавирустық инфекциямен ауыратын науқаспен байланыста болған, ауырып сауыққан білім алушылардың білім беру ұйымына баруына дәрігердің білім беру ұйымында болуы үшін медициналық қарсы айғақтардың жоқ екендігі туралы медициналық қорытындысы болған кезде жол беріледі; – сырқаттанушылықты тіркеу кезінде сыныпқа, топқа карантин белгіленеді.
Білім беру ұйымының әкімшілігі үй-жайларды жинауға арналған дезинфекциялау және жуу құралдарының, қызметкерлердің қолдарын өңдеу, тыныс алу ағзаларының жеке қорғаныш құралдарының азаймайтын (кемінде бір ай) қорын қамтамасыз етеді.
Дезинфекциялау құралдары өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, зат таңбадағы жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталады. Жинау мүкәммалы (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланылғаннан кейін арнайы бөлінген орындарда өңделеді және сақталады. Ауыз су режимі қатаң сақталып, оған басшы бекіткен жауапты адам тағайындалады. Оқу, жаттығу соңында жұмыс режимінің кестесіне сәйкес, ауаны зарарсыздандыру жөніндегі жабдықты пайдалана отырып, ауаны тұрақты зарарсыздандыру және үй-жайларды желдету жүргізіледі.
Мектептерде тиісті жағдайлар болған кезде (күшейтілген санитариялық талаптар) балалардың ата-аналары мен заңды өкілдерінің өтініштері бойынша ғана санитариялық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып, кезекші сыныптарды ашуға рұқсат етіледі. Кабинеттерде жүру, мұғалімге бару, сыныптан тыс іс-шаралар мен ата-аналар жиналыстарын өткізу шектеледі.
Міне осындай талаптарды сақтайық, әр бір баланың денсаулығын сақтау өз қолыңызда!
Г.Ақылбаева,
аудандық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының бас маманы.
Поделиться ссылкой: