23 маусым – Қазақстан полициясы күні
17 ViewsАудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы, полиция капитаны Гүлжан Ниязқұлова біздің газетке мақалалар жазып тұрады. Әрдайым еселі еңбек етіп, халыққа қалтқысыз…
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман «Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік (қазақ) тілді еркін меңгергенін тексеретін емтиханды неге тапсырмайды деген сұраққа жауап берді.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 54-бабының 2-тармағына сәйкес кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгеруін белгілеу тәртібі кандидатурасы келесі өкілеттік мерзіміне ұсынылған қазіргі президентке қолданылмайды», – деп түсіндірді М.Ерман баспасөз мәслихаты барысында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Бұдан бұрын Қазақстан Республикасының ОСК Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңы бойынша оған қойылатын талаптарға сәйкес келетінін анықтаған болатын.