«Таза Қазақстан» — болашақтың бастауы
38 ViewsСіз білесізбе? Соңғы 2 жылдың ішінде қазақстандықтар 2 млн. тонна қоқыс жинап, 5,5 млн ағаш отырғызды. Йә бұл жәй ғана статистика емес, бұл «Таза…
Жұматай Әлиев президенттікке кандидат ретінде ұсынылды. Оның кандидатурасы туралы құжаттар Орталық сайлау комиссиясына тапсырылды, — деп хабарлайды
2022 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Жұматай Әлиевтің «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы келесі құжаттары ұсынылды:
1. «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;
2. Ж.Әлиевтің Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;
3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;
4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5. Жоғары білімі туралы дипломдарының көшірмелері.