23 маусым – Қазақстан полициясы күні
50 ViewsАудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы, полиция капитаны Гүлжан Ниязқұлова біздің газетке мақалалар жазып тұрады. Әрдайым еселі еңбек етіп, халыққа қалтқысыз…
Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Елдос Сметов қола жүлдегер атанды. Бұған дейін спорттық мансабында басқа атақтарын айтпағанда, екі дүркін олимпиада жүлдегері, әлем чемпионы атанған Елдос Сметов 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін болған бәсекеде өзбекстандық Дильшодбек Баратовпен татамиге шықты.
Тартысты белдесуде қосымша уақытта әдіс қолданып, вазари ұпайын алған Елдос осылайша қоржынға қола медаль салды. Айта кетейік, Рио-де-Жанейро және Токио олимпиадаларының жүлдегері Елдос Сметов Жалпақсаз ауылында дүниеге келген. Жерлесімізді айтулы жүлдесімен құттықтаймыз.