Ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

408 Views

Қазан айының 7-сі күні Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын қаржыландыру және сай­лауға дайындықтың өзге де мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді. Аталған семинар-кеңеске Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғазы Айдапкелов, аудандық ау­мақ­тық сайлау комиссияларының төр­аға­лары, қала және аудан әкімдері аппаратының бас есепшілері қатысты. Семинар-кеңесте 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған ҚР Пре­зидентінің кезектен тыс сайлауын қаржыландыру мен ақпараттандыру жұмыстары, сондай-ақ, ҚР Прези­ден­тінің кезектен тыс сайлауында ҚР Президенттігіне кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және ҚР Президенттігіне кандидатты қолдап қойылған қолдардың растығын тексеру және сайлаушылар тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру туралы мәсе­лелер қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Жамбыл облысы әкімі аппаратының бухгалтерлік есеп бөлі­мінің басшысы, бас есепшісі Гүлжан Дәуренова баяндама жасады. Ол өз сөзінде 2022 жылғы 20 қара­шаға тағайындалған Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің кезектен тыс сайлауын қаржылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өңіріміздің барлық аудандарының жергілікті атқарушы органдарының қаржы қызметтерінің қызметкерлерін алдағы сайлауды дайындау мен өткізуге байланысты бюджетті жоспарлаудың негізгі бағыттары мен шығыстарын түсіндірді. Сындарлы диалог барысында қаты­сушылар бюджетті іске асыру және атқару бойынша сұрақтарға жауап алды.
Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Сара Мәдиева 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын ақпараттандыру жұмыстары бойынша баяндама жасады. Сара Қабылбекқызы: «Алдағы сайлау науқанының саяси маңыздылығын ескере отырып, сондай-ақ, сайлау туралы жұртшылықты неғұрлым толық хабардар ету мақсатында ҚР ОСК бейне және аудиороликтер әзірледі. Осыған байланысты Облыстық сай­лау комиссиясы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасымен бірлесе отырып, әзірлеген аудио-бейнероликтерді жетекші өңірлік телевизиялық және радиоарналардың эфи­рінде, қоғамдық орындарда ор­на­тылған демонстрациялық экран­дар­да орналастырды. Бүгінгі күні Ортсайлаукомның сыртқы бан­нер­ле­рінің эскиздеріне сәйкес, облыс бойын­ша 250 дана ақпараттық баннерлер әзірленіп, облыстағы елдімекендердің көрнекті жерлеріне орналастыру жұмыстары жүруде» деді. Бұдан бөлек ҚР ОСК сайлаушыларға арналған үндеулері және өзге ақпа­раттық-түсіндіру материалдары жергілікті БАҚ беттерінде және АСК интернет парақшаларында тұрақты түрде жарияланып отырғандығын атап өтті. Облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Талғат Жамалов ҚР Прези­денттігіне кандидаттардың сенім біл­дірілген адамдарын тіркеу және ҚР Президенттігіне кандидатты қолдап қойылған қолдардың растығын тексеру жұмыстары бойынша сөз сөйлесе, облыстық сайлау комиссиясының хатшысы 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында сайлаушылар тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру туралы баяндама жасады.
Жиын соңында Жамбыл облыс­тық сайлау комиссиясының төраға­сы Серғазы Айдапкелов аумақтық сай­лау комиссияларына іс-шара­лар­дың орындалу мерзімдерін қа­таң басшылыққа алуды және күн тәр­ті­бін­дегі мәселелер бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Облыстық сайлау комиссиясы.

Поделиться ссылкой: