Музыканың әлемі – Төлебаев мектебі!
120 ViewsӨткен сенбіде Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің ұжымы өздерінің 50 жылдық мерейтойларын атап өтті. «Шығармашылық пен еңбектің жарты ғасыры» деген тақырыпта өткен Мэлс…
«Ашық қоғам» өңірлік зерттеу халықаралық институты телемарафонның тікелей эфирінде Еxit poll нәтижелерін жариялады. Олардың деректеріне сәйкес, президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев ең көп дауыс жинады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төменде Еxit poll нәтижелерін ұсынамыз:
Қасым-Жомарт Тоқаев — 82,45%.
Қарақат Әбден — 2,54%.
Нұрлан Әуесбаев — 2,17%.
Жигули Дайрабаев — 3,33%.
Мейрам Қажыкен — 2,23% .
Салтанат Тұрсынбекова – 2,08%.
Сондай-ақ сайлаушылардың 5,2%-ы «барлығына қарсымын» бағанын таңдады.
Еске сала кетсек, 20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті.
Орталық сайлау комиссиясы 22:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың учаскелерге келуі 69,43%-ды құрағанын хабарлады.