24 ViewsҚазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында…
Қазақ поэзиясының Хан тәңірі
729 Views
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық кітапхана ұжымы «Поэзия! Менімен егіз бе едің?» атты поэзия кешін ұйымдастырды. Іс-шараға кітапханамыздың тұрақты оқырмандары, мектеп кітапханашылары мен оқушылары қатысты. Поэзия кеші шымылдығын кітапханамыздың тұрақты оқырманы Арайлым Ғалымжанқызы мұзбалақ ақынның «Туған өлке» өлеңімен ашып берді. Іс-шара барысында ақынның санаулы ғұмырындағы елеулі сәттер мен ыстық естеліктер туралы бейнеролик көрсетілсе, кітапханашы «Қазақ поэзиясының Хан тәңірі – Мұқағали» атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандарды мұзбалақ ақын мұрасымен таныстырды. Тұрақты әрі белсенді оқырмандарымыз Мұқағали өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Іс-шарамызға белсене атсалысқан оқырмандарымызға алғыс хатпен бірге бағалы сыйлықтар табыс етілді. Әсерлі кеш Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Елена Әбдіхалықованың «Есіңе мені алғайсың» әнімен қорытындыланды.
Мөлдір Керімбаева,
аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы.

