Тағайындау

401 Views

«Қазпошта» акционерлік қоғамы Жамбыл облыстық филиалының директоры Бекжігіт Бекбердиевтің 2024 жылдың 15 наурыздағы №08 -11561 бұйрығына сәйкес, Жеңісбек Молдабекұлы «Қазпошта» акционерлік қоғамы Жамбыл облыстық филиалының Т.Рысқұлов аудандық пошта байланысы торабының басшысы болып тағайындалды.
Жеңісбек Молдабекұлы 1984 жылдың 9 мамырында Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Жеңісбек Молдабекұлы 2006-2008 жылдары «Қазпошта» АҚ Алматы қалалық филиалында касса операторы, 2008-2009 жылдары Алматы қаласы, Бостандық ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында оператор болып еңбек етті. 2010-2013 жылдары «Жилстройсбербанк» акционерлік қоғамы Алматы қалалық филиалында кассир, менеджер болып қызмет атқарған. 2013-2014 жылдары Т.Рысқұлов аудандық салық басқармасында, 2014-2019 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бас маман қызметін атқарған. Үйленген, отбасылы.

Поделиться ссылкой: