Рухани жаңғыру мен табиғатты түлету жолындағы берік қадам

205 Views

Соңғы үш жылда дәстүрге айналған «Бұлақ көрсең – көзін аш» акциясы биыл да жалғасын тапты. Ауданымыздың зиялы қауым өкілдері, белсенді жастары және мекеме қызметкерлері аудан әкімі Ернар Есіркеповтің бастамасымен бірігіп, табиғатқа жан бітірер істі қолға алып, бұлақ көздерін ашты.
Аға буын ақ батасын беріп, жастар білек сыбана іске кірісті. Бұл шара – Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан», облыс әкімінің «ТазаLike», сондай-ақ, аудан әкімдігінің «Құлан – киелі мекен» концепциясы аясында жүзеге асқан игі бастама. Акцияның басты мақсаты – ағын су көздерін көбейтіп, табиғи экожүйені қалпына келтіру, туған жерге деген жанашырлықты арттыру. Бұлақ – тіршіліктің бастауы. Оны аршып, көзін ашу – ата-бабамыздан қалған асыл аманат. Мұндай шаралар – жастарды еңбекке, табиғатты аялауға баулитын үлкен тәрбие мектебі.

«Құлан медиа» ақпарат.

Поделиться ссылкой: