Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Қазақ елінің тарихында 5 рет конституция қабылданған. Қазіргі қолданыстағы конституция 1995 жылдың 30 тамызында бүкіл Қазақстан халқы болып республикалық референдумда қабылданды.
Әрбір тәуелсіз мемлекеттің басты құжаты – оның Ата Заңы екені баршаға мәлім.
Қазақ халқының құқықтық бастауы сонау «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғыдан» бастау алып, олардың дала конституциясы құқығына ие болғаны аян.
Негізгі заң, Ата Заңымыз – әрбір жекелеген азаматтың өмірдегі қарым-қатынасының, күнделікті іс-әрекетінің негізі, елдігіміздің бітім-болмысы. Конституцияның 1-бабында «Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» – деп атап көрсетілген.
Конституция – тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ең үлкен жетістігіміз болды. Оның ерекше тұстарын атап өтер болсақ, біріншіден, Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет болып танылды, яғни президенттік басқару жүйесі нақтыланды.Екіншіден, жаңа Конституция бойынша мемлекеттік біртұтас билік заң шығарушы, атқарушы және сот билігі боп 3 тармаққа бөлінді. Ата Заңымызда осы үш билік тармағының өзара және Мемлекет басшысының билік тармақтарымен арақатынасы нақтыланды. Үшіншіден, көппартиялық негіздегі саяси жүйе қалыптасты. Қос палаталы Парламент дүниеге келді.Соның нәтижесінде Парламентте қоғам игілігіне қызмет етіп жатқан жаңа заңдар қабылданды. Төртіншіден, Конституцияға жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару бөлімінің енгізілуі де халықаралық үрдістерге сай келеді. Бесіншіден, сот жүйесін қалыптастырудың айқын ережелері белгіленді. Соттар мен судьялардың мәртебесі заңнама тұрғысында анықталып, сот төрелігін жүзеге асырудың құқықтық кепілдіктерін нығайтты. Елімізде қарқынды сот реформасы жүріп жатыр.Тәуелсіз сот билігі, сот төрелігін жүзеге асырудың өркениетті жүйесі қалыптасты.
Кейбір азаматтарымыздың өз өмірін, құқығы мен бостандықтарын қорғайтын заңды білмеуінен, білмеуге құлықсыздығынан Конституциялық құқығын пайдалана алмайтыны да рас. Ел мен жерге деген құрмет Ата Заңға деген құрметтен бастау алмай ма? Себебі тәуелсіздігімізді нығайтып, тұрмысымызды жақсартып, болашаққа жағдай жасап жатқан Ата Заң емес пе?
Осы Ата Заң қабылданған күн еліміздің ұлттық мерекесіне айналды.
Ата Заңның әрбір қазақстандық үшін орны бөлек. Оны қадір тұту – Қазақстан мемлекетінде тұратын әрбір азаматтың борышы.
Ж.ҚҰлатаева,
аудандық сот әкімшісінің бас маманы.