АУДАНДА МАЛ ҰРЛЫҒЫНА ҚАРСЫ НАҚТЫ ШАРАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНУДА

107 Views

Ауданымызда мал ұрлығының жиілеп кетуі – алаңдатарлық жағдай. Оның басты себебі – төрт түліктің қараусыз қалуы.
Осындай олқылықтың салдарынан мал да, маза да кетіп отыр. Бүгінде аудандық полиция бөлімі бұл мәселені шешу бағытында нақты, жоспарлы жұмыстар жүргізіп жатыр. Мал ұрлығының алдын алу үшін әрбір тұрғынның жауапкершілігі аса маңызды.
Құрметті аудан тұрғындары!
Мал – сіздің де, елдің де аманаты. Сондықтан төрт түлігіңізді қараусыз қалдырмаңыз. Уақытылы чиптеп, сырғалауды ұмытпаңыз. Күдік тудыратын жағдай байқалса, дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.
Бұл – баршамызға ортақ міндет.
Аудандық полиция бөлімі.

Поделиться ссылкой: