Музыканың әлемі – Төлебаев мектебі!
106 ViewsӨткен сенбіде Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің ұжымы өздерінің 50 жылдық мерейтойларын атап өтті. «Шығармашылық пен еңбектің жарты ғасыры» деген тақырыпта өткен Мэлс…
Сібір жарасы – аса қауіпті инфекциялық індет. Бұл туралы барлық баспасөз беттерінде ұдайы айтылып та, жазылып та жүр. Ауданымызда да бұл індеттің қатерлі кесел екенін түсіндіру мақсатында түрлі деңгейдегі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Жақында ауыл әкімдері, санитарлық-эпидемиология және ветеринария саласының мамандарының қатысуымен аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында семинар өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Ерғазы Еспенов те қатысты. Семинар барысында аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары мен аудандық орталық аурухананың инфекционист-дәрігері слайд арқылы сібір жарасы індетінің қалай және неден пайда болатынын түсіндірді. Өз кезегінде Ерғазы Жұмабекұлы індеттің аса қауіпті екенін атап өтіп, ауылдық округтерде халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескертті.
«Құлан таңы» ақпарат.