Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
53 ViewsТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген…
«Бiз тарихтан кемеңгерлiктi, поэзиядан – шешендiктi, математикадан – зеректiктi, жаратылыс ғылымдарынан – тереңдiктi, адамгершiлiк философиясынан – байыптылықты, логика мен көсемсөзден – айтысу дағдысын үйренемiз», – деген екен ағылшынның атақты суретшісі Бэкон. Пәннің қоғамдағы маңызын айшықтаған осы сөздің тапқырлықпен айтылғанына тәнті болдым. «Өрлеу» БАҰО-ның жұмыс жоспарына сәйкес, Жамбыл облысы,Т.Рысқұлов ауданы бойынша математика пәні мұғалімдерінің басын қосып, көшпелі курс өткізгенде алғашқы күнгі дәрісімді осы қанатты сөзбен сабақтай бастадым. Иә, расын айтқанда дамыған қоғам үшін білімді игеру зеректікпен бастау алатыны мәлім. Ауыл ұстаздарына қолайлы жағдай жасау мақсатында Т.Рысқұлов өңіріне атбасын тіреп, мұғалімдермен дидарласып, математика пәні бойынша алғашқы күннен келелі мәселелерді сұрастырып, тәжірибелерінің жаңа қырынан толысуына септігімді тигізуді мақсат еттім.
Курс барысында тыңдаушылар Халықаралық PISA және қазақстандық ББЖМ зерттеулердің тапсырмаларына талдау жүргізе отырып, ұқсас тапсырмаларды құрастыруда.Осы зерттеулер негізінде дидактикалық ойындар арқылы математикалық сауаттылықты оқытудың белсенді және интербелсенді әдістерді қолданудың тиімділігін бағалауда.Материалдарды визуализациялау мен оқытуға ынталандыру үшін цифрлық құралдар мен жасанды интеллект құралдарын қолдануда.Тыңдаушылар берілген тапсырманы жеке орындап, жұппен бөлісіп, топта талқылауға жұдырықтай жұмылды. Математикалық есептерді шешудің ортақ әдістері мен айырмашылықтарын анықтап, өз тәжірибесімен салыстыруда ұстаздар белсенділігімен көрінді. Педагогтер курстан алған білімдерін күнделікті өз тәжірибесінде жүзеге асыру үшін курс барысында алған білімдерін практикада қолдануды жоспарлап, тапсырмаларын енгізіп, өз білім, біліктіліктерін жетілдіруге ынталы екенін көрсетті. Іс-тәжірибелерін әріптестерімен бөлісуде құштарлықтарын танытқан математика пәні мұғалімдерінің жаңашылдыққа, әдістемелік ілімге деген ынтық сезімдері курстың қызықты да тартымды өтілуіне сеп болғандай. Оған күнделікті жұмыс барысында көз жеткізудеміз.
Парида Каркабаева,
«Жамбыл-Өрлеу» кәсіби дамыту институтының тренері.