Музыканың әлемі – Төлебаев мектебі!
110 ViewsӨткен сенбіде Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің ұжымы өздерінің 50 жылдық мерейтойларын атап өтті. «Шығармашылық пен еңбектің жарты ғасыры» деген тақырыпта өткен Мэлс…
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД-нің Тұрар Рысқұлов аудандық пробация қызметінде «Көмек демеу» үкіметтік емес ұйымның бастамасымен үкімділерге арналған кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға аудандық әкімдік пен жұмыспен қамту орталығының өкілдері қатысты.
Кездесудің мақсаты – пробация есебінде тұрған азаматтардың әлеуметтік бейімделуіне, еңбекке орналасуына жәрдемдесу және қоғамға қайта оралуына қолдау көрсету. Шара барысында қатысушыларға бос жұмыс орындары мен мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат берілді, сондай-ақ, мамандар кеңес жүргізді.
Сонымен қатар үкімділер арасында интеллектуалдық ойын ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты. Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздар ақшалай және тағы да басқа сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шара қатысушылардың қызығушылығын тудырып, пробация қызметі мен өзге мекемелер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.
Т.Рысқұлов аудандық пробация қызметкерлері.