33 ViewsҚазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында…
Тапсырмалардың орындалу деңгейі сараланды
194 Views
Апта басында аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті.
Кеңесте орындаушылық тәртіп мәселесі және жеке қабылдауларда көтерілген түйткілдер бойынша берілген тапсырмалар мен бұған дейінгі жиындарда лауазымды тұлғаларға жүктелген міндеттердің орындалу деңгейі жан-жақты қаралды.
Аудан басшысы азаматтардың өтініштеріне уақтылы әрі сапалы жауап берудің маңыздылығын атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде бақылауда ұстау қажет екенін жеткізді. Кеңес барысында жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері әр мәселе бойынша нақты жауаптар беріп, бірқатар тапсырмаларды орындауда кеткен кемшіліктер назарға алынды.
Жәнібек БАЗЫЛБЕК.

