Сот қос азаматтық үшін айыппұл тағайындады

26 Views

Сот қос азаматтық үшін айыппұл тағайындады

Аудандық сотта Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігі (ҚР азаматтық туралы заңнамасын бұзу) бойынша К.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

2025 жылдың сәуір айында аудан полициясының қызметкерлері К.-ның Ресей Федерациясының азаматтығын және төлқұжатын алғанын анықтады. Алайда ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісі туралы тиісті органдарға хабарламаған.

Сот отырысында азамат К өз кінә­сін мойындап, РФ азаматтығын қа­был­дау кезінде оған Қазақстан Респуб­лика­сының төлқұжатын және жеке куәлі­гін тапсыру қажеттілігі туралы хабарланбағанын түсіндірді.

ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігінің санкциясы 100 АЕК мөлшерінде айыппұлды не ҚР шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуді көздейді.

Сот қаулысымен Ресей азаматы К ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 393 200 теңге айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енді.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий