ЕСКЕРТПЕ:  Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізбесі

74 Views

Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 48 бабына сай және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары- Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрінің «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығының талаптары негізінде:

«Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Респуб­ликасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата туру туралы» 2016 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы заңы (будан әрі – Заң ) нормаларының қолданылу кезеңінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адам­дарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ, шетел­діктердің  қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беруге рұқсат етілмейді.

ҚР-ның жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) конкурстық ұсыныс;

Конкурстық ұсыныста:

1)Бизнес-жоспар (инвести­ция­лар­дың болжамды көлемі, ауылшаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауылшаруашылығы жануарларының мал басы, қолда­нылатын агротехнологиялар, ауылшаруа­шылығы техникасы мен тех­но­логиялық жабдықтың, ауылша­руа­шылығы саласындағы білікті маман­дардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) Шаруашылықішілік жерге орна­ластыру жобасын жасау және игеру, ауылшаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс шараларды орындау;

3) Ауылшаруашылығы мақса­тындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қа­зақстан Республикасы жер заңнама­сы­ның талаптарын орындау, өңір­дің мамандануына сәйкес ауыл шаруа­шылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылысын әртарап­тандыру бойынша индикативтік көрсет­кіштерді орындау, ғылыми негіз­делген агротехнологияларды, фитосани­тария­лық және карантиндік талаптарды сақ­тау жөніндегі міндеттемелер қамтылуы тиіс.

Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазыл­ған жабық конвертте ұсынады, кон­курстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Өтінімде және конкурстық ұсыныс­тың жабық конвертінде «шаруа не­месе фермер қожалығын, ауылшаруа­шы­лығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» «2025 жылғы 23 желтоқсанға» дейін ашуға болмайды» (ашудың нақты күні көрсе­ті­леді) деген сөздер жазылады.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінім­дерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн откен соң желтоқсан айының 1-нен бас­тап 22 желтоқсанға дейін өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінім­дерді қабылдау және тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні яғни 2025 жылдың 23 желтоқсаны жер комиссиясы түскен жабық конверт­тері ашу жолымен (конкурсқа қатысу­шылардың қатысуынсыз) конкурстың қорытындысын шығарады.

Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий