Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға сапармен барды

74 Views
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға сапармен барды.

Қазақстан президентін АҚШ мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау күтіп алды.

«Ертең мемлекет басшысы президент Дональд Трамппен келіссөз жүргізіп, «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысады», — деп жазылған хабарламада.

Президентті АҚШ-та оқитын қазақ студенттері қарсы алды.

Мемлекет басшысы отандастарымызбен аз-кем әңгімелесіп, оларға табыс тіледі.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий