Еңбегі адал азамат

149 Views

Мал дәрігеріне артылар жүк ауыр әрі жауапкершілігі жо­ғары. Сол сенімді ақтап жүрген жан­дардың бірі – Ақбұлақ ауылдық окру­гінде ветеринариялық салада көп жыл­дан бері абыройлы еңбек етіп жүрген Қадірхан Сұлтанбайұлы.

Ол ветери­нария саласында ұзақ жылдар бойы үздіксіз қызмет етуде. 1986-1991 жылдар аралығында колхозда веттех­ник мамандығы бойынша жұмыс істе­ді. Кейіннен 1991-1997 жылдары Қызыл­шаруа ауылындағы №1 тауарлы қой фер­масында меңгеруші қызметін атқар­ды. 1998 жылдан бастап қазіргі күнге дейін Ақбұлақ ауылдық округінде ветери­нариялық қызметте еңбек етуде. Жануар­лардың саулығын қадағалау, ауру­лардың алдын алу және емдеу – оның күнделікті міндеттері. Адал еңбегі мен жауапкершілігі арқылы ел сеніміне ие болған Қадірхан Сұлтанбайұлы – ауыл өмірінің арқауы болған нағыз еңбек адамы.

– Осы салада жұмыс істеп жүргеніме  биыл 39 жыл болады. Менің ағам мал бақты, үнемі сол кісімен бірге жүре­тін­мін. Қойларды  Сусамыр деген жерге  айдап апарады. Сол кезде қойлардың аяғы ақсап,  айырма болатын. Осындай қым-қуыт тіршілік, өзімнің бала жас­тан үлкендерден өнеге етіп алған еңбек­қорлық секілді құнды қасиет ветери­нар болуыма себепші болды. Содан  Жамбыл зооветтехникумға оқу­ға түсіп,  диплом алып шықтым. Қа­зір­­гі таңда Ақбұлақ ауылдық окру­гінде  ветеринариялық қызмет атқа­рып келе­мін. Басты міндетіміз – ауру­дың алдын алу, профилактикалық іс-шараларды уақ­тылы жүргізіп отыру. Жыл сайын ауылға жас мамандар келіп жата­ды. Алайда бұл салада тұрақтау үшін тек білім ғана емес, төзім мен ынта да қажет. Ветеринария – күрделі сала. Бірақ тиісті қолдау мен ынталандыру бол­са, жастардың қызығушылығы арта­ды, – дейді Қадірхан Сұлтанбайұлы.

«Құлан медиа» ақпарат.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий