КЕЛЕЛІ КЕҢЕС ӨТТІ
Күні кеше аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен меншікті кірістерді ұлғайту және инвестициялық жобалардың орындалу барысына арналған кеңес өтті.
Бөлім басшылары бірінші мәселе бойынша экономика, қаржы және салық салалары бойынша атқарылған шараларды баяндады. Қазіргі таңда ауданның меншікті кірісі 4,4 миллиард теңгені құрап отыр. Бұл көрсеткіш аудан экономикасының негізгі мүмкіндігі болып табылады. Екінші мәселе бойынша кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі инвестицияларды тарту бағытында жүргізілген жұмыстар туралы таныстырды. Жиын барысында аудан басшысы Ернар Серікәліұлы қатысушыларға атқарылған жұмыстардағы олқылықтарды жоюға, бюджет пен инвестициялық жобалардың тиімді орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмалар берді.
«Құлан медиа» ақпарат.
