Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
53 ViewsТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген…
Өткен сенбіде Луговой ауылында орналасқан 03811 әскери гарнизонында әскерге шақырылған сарбаздардың ант қабылдау рәсімі өтті. Іс-шараға ҚР Қорғаныс министрі Даурен Жұматайұлы Қосанов, аудан әкімі Ернар Есіркепов қатысып, сөз сөйледі.
Салтанатты шара барысында жеке барлау полкінің 61 жас сарбазы Отанға адал қызмет етуге ант беріп, өздеріне жүктелген әскери борышты абыроймен атқаруға дайын екендіктерін білдірді.
Іс-шарада жас сарбаздардың ата-аналары мен аудан жұртшылығына, сондай-ақ, ауданнан арнайы келген мектеп оқушыларына арналған ашық есік күні ұйымдастырылды.
Келген қонақтар әскери бөлімнің күнделікті қызметімен танысып, сарбаздардың әскери дайындық барысын тамашалады. Бұған қоса олардың әскери борышын өтеу кезеңінде тұратын казарма жағдайларын, күнделікті ас мәзірін, әскери техника үлгілерін көріп, бөлімнің материалдық-техникалық мүмкіндіктерімен жан-жақты танысуға мүмкіндік алды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.