Ата-аналар мектеп ауласына ағаштар екті
28 ViewsӨткен сәрсенбіде №6 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бір отбасы – бір тал» деген тақырыпта іс-шара өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді…
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау – құқық қорғау органдары қызметінің басым бағыттарының бірі.
Осы орайда аудан прокуратурасы «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Қауіпсіз жол» жобасын іске асыруда.
Аталған жобаның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғалары салдарынан болатын адам өлімі мен жарақаттану деректерін азайту, сондай-ақ, аудан аумағындағы автожолдарда қауіпсіздікті арттыру.
Осыған байланысты аудан прокуратурасының тапсырмасы негізінде аудандық полиция бөлімі ауданға қарасты республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыруда. Атап айтқанда, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту, көлік құралдарының техникалық жағдайын тексеру, жылдамдық режимі мен мас күйінде көлік басқару деректерін анықтауға бағытталған рейдтер өткізілуде.
Аудан прокуратурасы мен полиция бөлімі алдағы уақытта да жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып, тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Өз тілшіміз.