ЖЫЛДЫҚ ИНДИКАТОРЛАР МЕН БЮДЖЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

237 Views

Осы аптада  аудан әкімі Ернар Есір­кеповтің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Жиын бары­сында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер қаралып, жауапты бөлім басшыларының есептері тыңдалды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе ретінде жыл қорытындысы бойынша индикаторлық жоспардың орындалуы және бюджеттің игерілуі туралы ақпарат тыңдалды. Аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының м.а. Эльмар Сейткерімұлы атқарылған жұмыстар мен ағымдағы көрсеткіштер жөнінде баяндама жасап, ағымдағы жылдың 11 айында жалпы шығарылған өнім көлемі 69,5 миллиард теңгені құрағанын атап өтті. Сондай-ақ, жиында аудан әкім­дігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Сақтасын Әбенұлы аудан аумағында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың орындалуы туралы баяндады. Атап айтқанда, жыл басынан бері жалпы құны 13,3 миллиард  теңгені құрайтын 14 жоба іске асырылған. Оның ішінде жеке инвестициялар көлемі 6,6 миллиард  теңге, ал бюджеттік инвестициялар – 6,7 миллиард  теңгені құрады.

Жиында сонымен қатар денсаулық саласындағы эпидемиологиялық жағдай, салық төлеушілермен жұмыс және әскерге шақырту бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Кеңес соңында аудан әкімі барлық жауапты бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеп, атқарылатын жұмыстардың сапасын арттыруды және тұрақты бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Ақжарқын Тоқсанбай.

Поделиться ссылкой: