Қазақ руханиятының көрнекті тұлғасы
55 ViewsИлья Жақанов қазақ өнері мен әдебиетінде өзіндік қолтаңба қалдырған шығармашыл тұлға ретінде танылды. Ол тек әдеби шығармалар жазып қана қоймай, қазақ музыкасының тарихын зерттеуге…
Өткен аптада аудандық орталық кітапханада
қазақ поэзиясының алып тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай «Жырларым, жылдарыммен жалғасар» атты әдеби-этно кафе форматындағы рухани кеш өтті.
Шараның басты ерекшелігі — поэзияны жаңа форматта ұсыну болды. Оқырмандарға Мұқағали жырлары арнайы әзірленген өлеңдер мәзірі арқылы ұсынылып, әр бөлімде ақын шығармалары мәнерлеп оқылды.
Кеш барысында Мұқағали өлеңдеріне жазылған әсем әндер орындалып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.Сонымен қатар ақынның өмірі мен шығармашылығын кеңінен танытатын кітап көрмесі инсталляция ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды.
Әдеби-этно кафеде поэзияны тек оқу емес, жүрекпен сезінуге мүмкіндік берген мазмұнды рухани кездесу болды. Мұқағали мұрасы – уақытпен бірге жасайтын, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын мәңгілік қазына.
Ілкімді іс-шарамыз оқырмандар үшін мазмұнды да әсерлі кездесу болып, жүректерде жылы естелік қалдырды.
Лаура Молдагуланова,
аудандық кітапхананың кітапханашысы.