Мықты мұғалім әрқашан мектептің тірегі
59 ViewsБарлық балада талап бар. Яғни, оқушының бәрі бірдей. «Жаман оқитын, я оқымайтын» деп бөлуге болмайды біздіңше. Оқушы оқымаса, жауапты оқыта алмайтын мұғалім өзінен іздеуі…
Луговой ауылдық мәдениет үйі, ауылдық кітапхана және жастар ресурстық орталығының ауылымыздағы жастар ісі жөніндегі маманының ұйымдастыруымен
қазақтың мұзбалағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай, «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-поэтикалық кеш ұйымдастырылды.
Әдеби кеш барысында Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы тағылымды мәліметтер айтылып, ақын өлеңдерінен үзінділер оқылды. Қатысушылар жүрекке жылы тиетін рухты жырларды мәнерлеп оқып, поэзия әлеміне терең бойлады. Кеш мазмұнды да әсерлі өтіп, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады.Іс-шара соңында ақын шығармашылығының мәңгілік екені, оның жырлары ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса беретіні айтылып, поэзия кеші жоғары деңгейде қорытындыланды.
Заида Рысқұлова,
Луговой ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі.