Мықты мұғалім әрқашан мектептің тірегі
59 ViewsБарлық балада талап бар. Яғни, оқушының бәрі бірдей. «Жаман оқитын, я оқымайтын» деп бөлуге болмайды біздіңше. Оқушы оқымаса, жауапты оқыта алмайтын мұғалім өзінен іздеуі…
Құмарық ауылдық мәдениет үйінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай
«Мұқағали – жүрекпен оқы» атты әдеби-арт кеші өтті.
Кеш барысында ақынның сырлы да мұңлы,
өршіл де өшпес өлеңдері оқылып,
сахналық қойылымдар, поэзиялық композициялар,
ән мен бейнеүзінділер арқылы
Мұқағали әлеміне рухани саяхат жасалды.
Кеш барысында «Әжелер» ансамблі«Есіңе мені алғайсың» әнін орындады.
«Балауса» би тобы мың бұралып, нәзік қимылымен көрермендерді тәнті етті.
«Жетімдер үні» сахналық көрінісі де көрермендерге жақсы көңіл сыйлады. Айжан Сұлтанғалиева «Аңса жаным» әнін келісті орындады. Оқушылар ақынның поэзиясынан өлең шумақтарын оқыды.
Өнер мен поэзия тоғысқан бұл сәттер
көрермен жүрегінде ұмытылмас әсер қалдырды.
Қымбат Саймұратова, Құмарық ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі.