Мықты мұғалім әрқашан мектептің тірегі
56 ViewsБарлық балада талап бар. Яғни, оқушының бәрі бірдей. «Жаман оқитын, я оқымайтын» деп бөлуге болмайды біздіңше. Оқушы оқымаса, жауапты оқыта алмайтын мұғалім өзінен іздеуі…
Орман – табиғаттың баға жетпес байлығы. Ол ауаны тазартады, жануарларға мекен болады, адамға демалыс сыйлайды. Бірақ жаз мезгілінде орман өртінің қаупі күрт артады. Өрттің басым бөлігі адам салғырттығынан туындайды.
Орман өрті неден пайда болады?
– Рұқсатсыз от жағу;
– өшірілмеген темекі тұқылы;
– шыны қалдықтары (күн сәулесін шоғырландырады);
– құрғақ шөпті өртеу;
– балалардың отпен ойнауы.
Орманда демалу кезінде есте сақтаңыз:
– отты тек арнайы рұқсат етілген жерде жағыңыз;
– кетерде оттың толық сөнгеніне көз жеткізіңіз;
– қоқысты өзіңізбен бірге алып кетіңіз;
– құрғақ шөпті өртемеңіз.
Өрт байқасаңыз, дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.
Өрттің салдары
Орман өрті – тек ағаштың жануы емес. Ол – жануарлар мен құстардың қырылуына, топырақтың құнарсыздануына, ауаның ластануына үлкен материалдық шығын әкеледі. Орманды қорғау – әр азаматтың міндеті. Табиғатты сақтайық, болашақ ұрпаққа аман жеткізейік!
Ғани Омаров,
«Луговой ормандарды және жануарлар
дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
1 үлгідегі орман өрт сөндіру станциясының
басшысы.