Ынтымағы жарасып, берекесі артқан ауыл

17 Views

Ынтымаєы жарасып, берекесі артќан ауыл

Көп ауылдарда әз-Наурыз мерекесі 22-сі күні ұйымдастырылды. Ал Қарақат ауылының тұрғындары бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай бірлесіп, Ұлыстың ұлы күнін өткен сенбі күні атап өтті. Жазық далаға сахна орнатылып, қазақ үйлер тігіліп, таң алагеуімнен бастап ауыл халқы осы шараға белсене араласып, берекелі бірлік пен ырысты ынтымақтың көрінісін паш етті. Ауылдағы әз-Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шараға аудан әкімі Ернар Есіркепов те қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Қарақат ауылынан небір мықты азаматтардың шыққанын білеміз. Олар қазір қалада, Құлан ауылында тұрса да өздерінің туған жері Қарақат ауылында қандай бір іс-шара өтіп жатса, сол жерден міндетті түрде табылады. Өйткені кез келген адам баласы үшін өзі өсіп-өнген ауылдың әрқашан тауы да, тасы да ыстық болатыны анық. Қарақат ауылында ұйымдастырылған Наурыз мерекесінде еліміздің экономикасының өсіп-өркендеуіне үлес қосқан бірқатар ел ағаларын, ауданның дамуына да үлес қосқан бір топ аға буын зейнеткер ағалар мен ақ жаулықты аналардың да қатысқанын көрдік. Олардың да көпшілігі Қарақат ауылындағы Наурыз мерекесінің жақсы деңгейде ұйымдастырылғанын айтып жатты.

Мерекелік іс-шарада аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығының қызметкерлері, ауыл өнерпаздары жұртшылыққа өз өнерлерін көрсетіп, қошеметке кенелді.

 

Марат Жолдасбекұлы.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий