Мен оқыған кітап

28 Views

Француз ойшылы Дени Дидроның «Адам кітап оқуды доғарған кезде, ойлауды да доғарады» деген сөзі осы күні көп айтылады. Ол рас. Кітап әрқашан менің серігім! Біреулер мамандығы сол болған соң оқитын шығар деп те ойлауы мүмкін. Олай да емес. Кітапты мен жастайымнан оқимын десем де болады.

Айталық, Шерхан Мұртазаның «Бесеудің хаты» деген туындысын жақында оқып шықтым. Тарихи тақырыпқа жазылған драмалық шығарма. Шығармада 1930 жылдардағы ашаршылық кезеңі суреттеледі. Сол кезеңдерде халық қатты қиналып, аштықтан қырылып жатқан ауыр жағдай көрсетіледі. Осы кезде бес қазақ азаматы (Ғабит Мүсірепов бастаған) Қазақстан басшысы Филипп Голощёкинге хат жазады. Хатта олар елдегі шындықты ашық айтып, халықты қырғынға ұшыратқан саясаттың қателігін көрсетеді. Бесеудің мақсаты – халықты аман алып қалу, әділетсіздікке қарсы тұру. Алайда билік олардың сөзін қабылдамайды, керісінше олар қуғын-сүргінге ұшырайды. Бұл шығарма арқылы автор сол кездегі тарихи қасіретті, ел үшін жанын қиған азаматтардың ерлігін көрсетеді.

Одан бөлек тағы бір оқыған кітабым Дулат Исабековтің «Қарғын» романы. Адамның ішкі жан дүниесін, махаббат пен тағдыр тартысын терең бейнелейтін психологиялық шығарма. Романда басты кейіпкер Жасын мен Бағила арасындағы махаббат баяндалады. Екеуі бір-бірін шын сүйгенімен, өмір жолдары қосылмайды. Олардың бақытына қоғамдағы қалыптасқан көзқарастар, тұрмыстық жағдайлар және тағдыр кедергі келтіреді. Жасын – ойлы, сезімтал, өмірдің мәнін іздейтін жан. Ал Бағила – нәзік, бірақ тағдыр тауқыметін көтерген қыз. Олардың арасындағы сезім терең болғанымен, ол трагедияға ұласады. Осындай таңдаулы шығармаларды оқуға кеңес берер едім.

Мінеки, жақында оқыған кітаптарымның мазмұны қысқаша айтқанда осылай. Кітап оқи жүрейік, алдияр оқырман!

Әлия Искакова,

аудандық кітапхананың кітапханашысы.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий