БИЫЛ АУДАНДА 903 ТҮЛЕК МЕКТЕППЕН ҚОШТАСТЫ

11 Views

БИЫЛ АУДАНДА 903 ТҮЛЕК МЕКТЕППЕН ҚОШТАСТЫ

Биыл ауданымызда 903 түлек мектеппен қоштасты. Оның ішінде 42 оқушы – «Алтын белгіге», 61 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер.

Айта кетейік, биыл аудандағы жалпы білім беретін 30-дан астам мектепті 13 055 оқушы аяқтады.
2000-НАН АСТАМ ОҚУШЫ ТҮРЛІ ЖАРЫСТАРДА ТОП ЖАРДЫ
Биыл 2000-нан астам аудан оқушысы түрлі олимпиадалар мен байқауларда топ жарып, аудан абыройын асқақтатты. Олардың қатарында ҰБТ қорытындысы бойынша 140 балл жинап, ең жоғары нәтиже көрсеткен Ә.Бөкейханов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Назерке Сәрсенбай және республикалық пән олимпиадасының жеңімпазы, «Үздік ауыл мектебінің оқушысы» атанған №6 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Кәусар Қашқынбай бар.
Аудан абыройын тек оқушылар ғана емес, ұстаздар да үстем етті. Мәселен, 47 педагог облыстық деңгейде үздік нәтиже көрсетсе, 7 педагог республикалық деңгейде кәсіби шеберлігін дәлелдеді.

Осылайша аяқталған оқу жылы білім саласындағы жаңашыл серпінімен есте қалды.

Жәнібек Сұлтан.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий